О приписке к призывному участку в январе - марте 2011 года граждан 1994 года рождения Қолданыста
Басқа 0
2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеу 2011 жылдың қаңтар – наурыз айларында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру учаскесі қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің базасында ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Село, ауыл әкімдері және ұйым басшыларына:
Тармақша 1
1) 1994 жылы туған және бұдан бұрын тексеруден өтпеген азаматтардың қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Жаңаөзен қалалық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (Әлқуатов Т.О.), «Жаңаөзен қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Бекназаров С.С.) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
Тармақша 1
1) 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибесі мол маман - дәрігерлерді қатыстыру;
Тармақша 2
2) 2011 жылдың қаңтар – наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюрографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюрографияға, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін;
Тармақша 5
5) дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2011 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізу.
Тармақ 5
5. Жаңаөзен қаласының ішкі істер бөліміне (Хожаев М.Ж.) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
Тармақша 1
1) азаматтардың тіркеу учаскелеріне келуін бақылауды қадағалау және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Жаңаөзен қалалық білім бөлімі (Құлатай Ы.Қ.) орта және арнаулы білім беру мекемелерінің басшылары 1994 жылы туған жасөспірімдердің тіркеуге толық қатысуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі (Жантлеуова Р.Қ.) азаматтарды тіркеуді жүргізуге байланысты шығындарды 2011 жылға арналған қалалық бюджетте қаралған қаражаттың есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларды Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қорытындысы туралы хабарламаны қала әкіміне жазбаша түсіру қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Қоңқаев Д.Т.) ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалсын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Қ. Боранбаеваға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қ. Боранбаева
Б. Шырақбаев
Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бастығы
Ы.Құлатай
24 желтоқсан 2010ж.
«Жаңаөзен қалалық орталық аурухана»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері
Т.Әлқуатов
24 желтоқсан 2010ж.
«Жаңаөзен қалалық емхана»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері
С.Бекназаров
24 желтоқсан 2010ж.
Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы
М. Хожаев
24 желтоқсан 2010ж.
Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімінің бастығы
Р.Жантлеуова
24 желтоқсан 2010ж.
Жаңаөзен қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Д.Қоңқаев
24 желтоқсан 2010ж.
Қызылсай селосының әкімі
Н.Темірбаев
24 желтоқсан 2010ж.
Теңге ауылының әкімі
Б.Асгеров
24 желтоқсан 2010ж.