Об утверждении Правил кредитования областных бюджетов на строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы Қолданыста
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасын бекіту туралы
«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
Тармақша 2
2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 4 наурыздағы
№ 229 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2. Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру тәртібі
2. Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру тәртібі
Тармақ 2
2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар 2011 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - кредитор) мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынады.
Тармақ 3
3. Кредитор Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қағиданың 2-тармағы орындалғаннан кейін «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 7 329 423 000 (жеті миллиард үш жүз жиырма тоғыз миллион төрт жүз жиырма үш мың) теңгеге бюджеттік кредиттер (бұдан әрі - кредиттер) береді.
Тармақ 4
4. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
Тармақша 1
1) қарыз алушыларға кредиттер 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 5 (бес) жыл 6 (алты) ай мерзімге сыйақының нөлдік ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
Тармақша 2
2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі.
Тармақ 5
5. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша талаптар кредиттік шартта белгіленеді.