О начале 2011-2012 учебного года в организациях общего среднего образования Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2011-2012 оқу жылының басталуы туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылының басталу мерзімі 2011 жылғы 1 қыркүйек болып анықталсын. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасын, бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11(12)-сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылы барысында каникулдар: - 1-11(12)-сыныптарда: күзгі каникул – 8 күн (5-12 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (30 желтоқсан – 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (21 наурыз – 1 сәуірді қоса алғанда); - мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (5-12 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (28 желтоқсан - 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (21 наурыз – 4 сәуірді қоса алғанда); - мектепалды даярлық сыныптары мен бірінші сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2 – 8 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. 2011 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жыл толуына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбында сабақ өткізілсін.
Тармақ 3
3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б.С. Кәрімжанов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Б.С. Кәрімжановқа жүктелсін.