О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием в организациях образования в области здравоохранения, финансируемых из республиканского бюджета на 2011-2012 учебный год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Р.Б. Исаева):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 348 бұйрығына қосымша Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру р/с № Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры Бө­лін­ген орын­дар­дың са­ны Ма­ман­дық­тың ата­уы Ма­ман­дық бой­ын­ша бө­лін­ген орын­дар­дың са­ны 1 2 3 4 5 1. Рес­пуб­ли­ка­лық ор­та ме­ди­ци­на және фар­ма­цев­ти­ка қыз­мет­кер­ле­рін да­яр­лау және қай­та да­яр­лау кол­ледж 270, оның ішін­де 150 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар Ем­деу ісі 112, оның ішін­де 50 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар, 20 - Ауған­стан­нан кел­ген тың­да­у­шы­лар Мей­ір­би­ке ісі 46, оның ішін­де 25 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар «Мас­саж» бі­лік­ті­лі­гі бой­ын­ша мей­ір­би­ке ісі 16 Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка 50, оның ішін­де 50 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар Ги­ги­е­на және эпи­де­мио­ло­гия 46, оның ішін­де 25 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар 2. С.Ж. Асфен­ди­я­ров атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті 20 Мей­ір­би­ке ісі Ауған­стан­нан кел­ген тың­да­у­шы­лар 20 - дай­ын­дық бө­лі­мі 3. Қа­ра­ған­ды мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті 75, оның ішін­де 25 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар Мей­ір­би­ке ісі 25, оның ішін­де 25 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка 25 Сто­ма­то­ло­гия 25 4. Ма­рат Оспа­нов атын­да­ғы Ба­тыс Қа­зақ­стан мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті 50, оның ішін­де 25 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка 25 Ор­то­пе­ди­я­лық сто­ма­то­ло­гия 25, оның ішін­де 25 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар 5. Оң­тү­стік Қа­зақ­стан мем­ле­кет­тік фар­ма­цев­ти­ка ака­де­ми­я­сы 100, оның ішін­де 100 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар Ем­деу ісі 25, оның ішін­де 25 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар Аку­ше­рия іс 25, оның ішін­де 25 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар Фар­ма­ция 50, оның ішін­де 50 қа­зақ ті­лін­де оқи­тын­дар 6. «Эми­ли» ме­ди­ци­на­лық ор­та­лы­ғы 25 Мей­ір­би­ке ісі 25