Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи в 2011 году в рамках Программы "Дорожная карта бизнеса-2020" Қолданыста
Басқа 0
"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы
Жұмыссыз азаматтардың - жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілердің жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, білім мен дағды жинауы, сондай-ақ "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кіші және орта бизнесті қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы (бұдан әрі - жастар практикасы) өткізу жұмыстарын ұйымдастырсын, жұмысқа орналасуға және еңбек нарығындағы бәсекелестікті арттыруға ықпал етсін;
Тармақша 2
2) экономиканың басым секторларында қызмет ететін қаланың заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлерден жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне түскен жастар практикасын ұйымдастыруға қатысатын өтінімдердің орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) кәсіптік оқу орындарын бітірушілерге - жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыруға шарттар жасасын.
Тармақ 2
2. Жастар практикасын өткізу шараларын қаржыландыруды 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы", 022 "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламалары шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау" бағдарламасы, 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар", 011 "Республикалық бюджет трансферттері есебінен" бағдарламашаларында қарастырылған қаражаты есебінен жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы бюджетте белгіленген қаражат мөлшерінде анықталсын, бірақ 2011 жылға белгіленген ең төменгі бір айлық еңбекақы мөлшерінен аз болмауы тиіс.
Тармақ 4
4. Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 9/9 "2011 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-115 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 14 "Зеркало" газетінде және 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 15 "Теміртау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.