Об утверждении Правил кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства на селе на 2011 год в рамках Программы занятости 2020 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға кредит беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға кредит беру қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
Тармақша 2
2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 6. Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға кредит беру қағидасы 1. Жалпы ережелер
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға кредит беру қағидасы 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға кредит беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулыларына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға кредит беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2. 2. Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға кредит беру тәртібі
2. Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға кредит беру тәртібі
Тармақ 2
2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар 2011 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынады.
Тармақ 3
3. Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағиданың 2-тармағы орындалғаннан кейін «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 3 000 000 000 (үш миллиард) теңгеге бюджеттік кредиттер (бұдан әрі – кредиттер) береді.
Тармақ 4
4. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
Тармақша 1
1) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
Тармақша 2
2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2014 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
Тармақ 5
5. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.