О закупе зерна в государственные ресурсы из урожая 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік ресурстарға 2011 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік ресурстарға 2011 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы: көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 6375000000 (алты миллиард үш жүз жетпіс бес миллион) теңге мөлшерінде; күзгі кезеңде 6375000000 (алты миллиард үш жүз жетпіс бес миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін. Көктемгі-жазғы қаржыландыруға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгі кезеңде астық сатып алуға пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ.Күрішбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.