2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасы Үкметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері мен көлемі, нақты жағдайлары және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Абдрахманова), ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы «2011-2013 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандағы уәкілетті орган - «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгілік шарт жасассын.
Тармақ 6
6. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ауданаумағындағы мекемелердің
ТІЗБЕСІ
Байзақ ауданы әкімдігінің
2010 жылғы «30» қарашадағы
№ 702 Қаулысына № 1 қосымша
2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ауданаумағындағы мекемелердің
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. «Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. «Бурыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. «Диқан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. «Жалғызтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. «Көктал ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 7
7. «Көптерек ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 8
8. «Қостөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 9
9. «Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Тармақ 10
10. «Мырзатай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 11
11. «Сазтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 12
12. «Сарыкемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 13
13. «Суханбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 14
14. «Темірбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 15
15. «Түймекент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 16
16. «Ынтымақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 17
17. «Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 18
18. «Байзақжылукоммуналсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Тармақ 19
19. «Таза ауыл» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақ 20
20. «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Басқа 29. 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс.
Байзақ ауданы әкімдігінің
2010 жылғы «30» қарашадағы
№ 702 Қаулысына № 2-қосымша
2011 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс.
№
Жұмыс түрлері атауы
Нақты жағдайлары
Көлемі
Қаржы көздері
Сұраныс
Ұсыныс
1
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары)
1. Арық тазалауға жәрдемдесу
2. Күл-қоқыс шығаруға және тасымалдауға жәрдемдесу
3. Ішкі жолдарды ағымды жөндеуге жәрдемдесу
4. Гүл егу және гүлзарларды күтуге жәрдемдесу
5. Тал егуге жәрдемдесу
6. Отырғызылған тал-дарақтарды күзету,суғру,күту және ретке келтіру жұмысына жәрдемдесу
7. Тал түбін әктеу,ретсіз бұтақтарын кесуге жәрдемдесу
8. Электр және байланыс жүйесінің бағаналарының түбін сырлау,әктеуге жәрдемдесу
9. Үгіт-насихат тақталарын орнату, сырлау, қайта жазуға жәрдемдесу
10. Ескерткіштер мен саябақтар ауласын көгалдандыруға жәрдемдесу
11. Басқа да әртүрлі тазалық жұмыстарына жәрдемдесу
78.4 км
770 тн.
140 м3
6.0 км
1360 м2
38550 түп
58,2 га
14100 дана
3057 дана
348 м2
53620 м2
Жергілікті
бюджет
50
50
2
«Жасыл ел» бағдарламасы және ауыл әкімдерінің ұйымдастыруымен егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету
Күзету, суғару, күту және ретке келтіру жұмыстарына жәрдемдесу
137 га
Жергілікті
бюджет
10
10
3
Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу
1. Сауалнама жүргізуге жәрдемдесу
2. Сайлау, санақ жұмыстарына жәрдемдесу
3. Басқа да жұмыстарға жәрдемдесу
Қажеттілігіне сәйкес
Жергілікті
бюджет
5
5
4
Бюджеттік мекемелерді қысқы мерзімге дайындау, соғыс ардагерлерімен мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға жәрдемдесу
1. Ағымды жөндеу жұмысына жәрдемдесу
2. Отын дайындауға жәрдемдесу
3. Аулаларды ретке келтіруге жәрдемдесу
Қажеттілігіне сәйкес
Жергілікті
бюджет
5
5
Барлығы:
70
70