Құжат мәтініне өту

2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Өзге акт · № 14 · қабылданған 22.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.04.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-55980/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 ·22.11.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

ҚАЗ2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 · қабылданған 22.11.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Атауы (қаз.)
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14
Қабылданған күні
22.11.2010
Көрсетілген редакция
14.04.2011 · қолданыстағы 55980_213704.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
14.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZB000115
ЭКБ идентификаторы
55980
Редакция идентификаторы
55980_213704
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:54

0 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа алып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Ақжайық ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу ұсынылсын.

2 2. Әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды тіркеуді ұйымдастыру бойынша (дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен) материалдық қамтамасыз етілсін.

3 3. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді:

1 1) Алғабас, Ақсуат, Ақжол, Бударин, Есенсай, Жайық, Жамбыл, Жанабұлақ, Қабыршақты, Құрайлысай, Қарауылтөбе, Мерген, Чапаев ауылдық округтеріндегі тұратындар үшін "Ақжайық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (келісім бойынша) ұйымдастырылсын;

2 2) Базаршолан, Базартөбе, Алмалы, Тайпақ, Сарытоғай ауылдық округтеріндегі тұратындар үшін Тайпақ ауылындағы "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Ақжайық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (келісім бойынша) ұйымдастырылсын.

4

4. Кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне, "Ақжайық ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, мектеп және оқу орындарының басшыларына, тіркеуге жататын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуден өту үшін қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытылы келулерін қамтамасыз етуі тапсырылсын.

5 5. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):

1 1) әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру ұсынылсын;

2 2) шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқан немесе келмей қалған азаматтарды іздеп, тауып, олардың бөлімге келулеріне ықпал етуі ұсынылсын.

6 6. "Ақжайық ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне орта және толық емес орта білімі жоқ жасөспірімдерді анықтап, оларды кешкі-сырттай мектепке тарту шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.

7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, подполковник
_____________Б. Бердигалиев
22.11.2010 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Ақжайық ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы, подполковник
_____________Б. Зиналиев
22.11.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Ақжайық
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Д. Хайрушев
22.11.2010 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының Ақжайық
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________С. Жумакулов
22.11.2010 ж.