Об организации приписки к призывному участку в 2011 году Қолданыста
Басқа 0
2011 жылы шақыру учаскесінде есепке тіркеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды есепке тіркеу кезеңінде "Теміртау қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ақтау кентінің әкімі, меншік түріне және бағыныштылығына байланыссыз Теміртау қаласының және Ақтау кентінің кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындарының басшылары "Теміртау қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне 1994 жылы туған, шақыру учаскесінде есепке тіркеуге жататын жасөспірімдердің тізімін белгіленген үлгіде ұсынсын.
Тармақ 3
3. Есепке тіркеу комиссиясы құрылсын.
Тармақ 4
4. Есепке тіркеу комиссиясының жеке құрамын және оның жұмыс тәртібін Теміртау қаласы әкімдігінің бекітуіне ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім оны ресми жариялағаннан соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының қорғаныс
істері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесі бастығы
М. Бекболатов
22 қараша 2010 ж.