Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Житикаринского района Костанайской области" в период с января по март 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезенде "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына сәйкес, ШЕШТI:
Тармақ 1
1. 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезенде "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тiркеу жылында он жеті жасқа толатын, Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына үміткерлер іріктеуге, нарядты білім беру ұйымдарына жеткiзсін;
Тармақша 2
2) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталғаны жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулар жарияласын.
Тармақ 3
3. Селолар, селолық округтер мен ауылдар әкімдері шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың дер кезінде келуін хабарласын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары С.Ж. Ақтаеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН: "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________________ М. Абраев