Құжат мәтініне өту

2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы

Өзге акт · № 5/25 · қабылданған 24.12.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.10.2013 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-56360/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы Қолданыста Өзге акт ·№ 5/25 ·24.12.2010

2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы

ҚАЗ2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы

Қолданыста Өзге акт ·№ 5/25 · қабылданған 24.12.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы
Атауы (қаз.)
2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5/25
Қабылданған күні
24.12.2010
Көрсетілген редакция
11.10.2013 · қолданыстағы 56360_199955.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
11.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PI000123
ЭКБ идентификаторы
56360
Редакция идентификаторы
56360_199955
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:26

0 2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы, 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. 2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты бекітілсін (қосымша тіркеледі).

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бұл шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 2011 жылы жекелеген әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 5/25 шешіміне
қосымша
2011 жылы жекелеген әлеуметтік көмекке
құқығы бар азаматтардың санаты

1 1. Ұлы Отан соғысына қатысқандар және мүгедектер.

2 2. 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер және бұрынғы Одақ ордені және медальдарымен марапатталмағандар.

3 3. Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтыс болғандардың жұбайлары.

4 4. Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған әскери қызметкерлердің қайтадан неке құрмаған жұбайлары.

5 5. Ауған соғысына қатысқандар

6 6. Чернобыль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқандар.

7 7. Бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь, гетто және де басқа тұтқындары.

8 8. Жеңілдіктерімен, кепілдіктерімен Ұлы Отан соғысына қатысқандарына теңестірілгендер.

9 9. "Қайсарлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері.

10 10. Бейбітшілік кезінде қаза болған жауынгерлердің отбасыларына.

11 11. Білім және денсаулық сақтау саласындағы жас мамандар.

12 12. 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер.

13 13. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар.

14 14. Орташа табысы күн көріс минимумынан төмен тіршілік ететін, төтенше жағдайға ұшырап қалған тұлғалар (өрт, үй тонау, бір айдан аса созылған аурулар және тағы басқалар).

15 15. Отбасылық кірісі бекітілген кедейшілік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтар.

16 16. "Облыс алдындағы ерең еңбегі" белгісімен марапатталған тұлғалар.

17 17. Қазақстан Республикасы шегінде медициналық мекемелерде квота бойынша тексерілген және емделуді өтіп жатқан азаматтар.

18 18. Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан және жетім балалар қатарынан мемлекеттік оқу грантына ие бола алмаған студенттер.

19 19. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

20 20. Туберкулезбен ауыратындар.

21 21. Онкологиялық аурумен ауыратындар.

22 22. "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыздар.

23 23. Церебральды параличі және тірек қозғалу аппараты бұзылған және сол диагнозы қойылған балалар.

24 24. Мөлшері төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер.

25 25. Үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде тіркеуде тұрған жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт адамдар.

26 26. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар және балаларға берілетін жәрдемақыны алушылар.

27 27. 1, 2-топтағы мүгедектер.

28 28. Жүктілігі бойынша 12 аптаға дейін тіркеуге тұрған жүкті әйелдер.

29 29. Жесір балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар.

30 30. Зейнетақы жасындағы еңбекке қабілетсіз жұмыссыз азаматтар.

31 31. Зейнетақы жасындағы жұмыссыз азаматтар.

32 32. Коляскамен жүретін мүгедектер.

33 33. Көзі көрмейтін мүгедектер.

34 34. Гемодиализ өткізуді қажет ететін тұлғалар.

35 35. "Алтын алқа", ""Күміс алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы аналар.

36 36. Үйден тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар.

37 37. Бір жасқа дейінгі нәрестелер.

38 38. Социалистік еңбек ерлері.

39 39. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

40 40. Ауданның жалпы білім беретін мектептерінің оқу озаттары.

41 41. 2010 - 2011 жылдары ауданның денсаулық сақтау мекемелеріне жұмыс істеуге келген дәрігерлер.

42 42. Адал және көпжылғы еңбегі үшін ордендермен және алқалармен марапатталған тұлғалар.

43 43. Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен және жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғалар.

44 44. 2010 – 2011 жылдары ауданға келген барлық мамандықтар бойынша жас мамандар.