Об установлении стоимости разового талона за право реализации товаров на рынках территории города Жезказгана на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында базарларда тауарларды сату құқығына берілетін бір жолғы талонның құнын белгілеу туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында базарларда тауарларды сату құқығына берілетін бір жолғы талонның құны белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жезқазған қалалық мәслихатының "2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында базарларда тауарларды сату құқығына берілетін бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы" 2010 жылғы 16 шілдедегі № 24/284 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-117 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 6 тамызындағы № 57 (7674) "Сарыарқа" газетінде және 2010 жылдың 13 тамызындағы № 53 (223) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: 23.12.2010 жыл
Басқа 4
Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 28/332 шешіміне қосымша Жезқазған қаласындағы базарларда тауарларды сату құқығын беретін бір жолғы талонның құнын есептеу Базар атауы Мамандандыру Сауда орнының түрі Бір күнгі талонның құны (теңге) "Шаруа" базары, Фирма "Арат" Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі 67 өнеркәсіптік үлкен сөрелер 230 кіші сөрелер 170 көліктен 594 азық-түліктік ет сөрелер 350 азық-түлік сөрелер 255 жеміс-жидек 200 көліктен 594 "Нарық" базары, "Панацея" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі 12 өнеркәсіптік павильоннан 284 үлкен сөрелер 220 кіші сөрелер 160 көліктен 594 азық-түліктік ет сөрелер 340 азық-түлік сөрелер 230 жеміс-жидек 170 көлік 594 "Мерей" базары, Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі 60а өнеркәсіптік үлкен сөрелер 250 орта сөрелер 230 кіші сөрелер 170 азық-түліктік үлкен сөрелер 255 кіші сөрелер 190 "Жансая" базары, Жезқазған қаласы, Абай көшесі өнеркәсіптік сөрелер 280 автокөліктерді сатуды жүзеге асыру 150 Жезқазған қаласы, вокзал алаңындағы шағын-базар өнеркәсіптік сөрелер 62 азық-түліктік сөрелер 63 "Тұрсынай-Ана" базары, Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі азық-түліктік үлкен сөрелер 255 кіші сөрелер 170