Об организации и обеспечении в январе-марте 2011 года приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Есильского района Акмолинской области" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Ақмола облысы Есіл ауданының Қорғаныс істері бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттін пен әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережелеріне сәйкес, Есіл ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Ақмола облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылып және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. «Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2010 жылдың қантар-наурыз айларында «Есіл ауданының қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 12 (Нормативті құқықты актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 1-11-111 тіркелген, аудандық «Жаңа Есіл» газетінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 5(548) жарияланған) Есіл ауданы әкімінің шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Есіл ауданы әкімінің осы шешімнің орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Есіл ауданы әкімінің осы шешімі Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған бірінші күннен бастап қолданысқа енгіліледі. КЕЛІСІЛГЕН: Ақмола облысы «Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж. Меңбаев