Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест по Целиноградскому району на 2011 год Қолданыста
Басқа 0
Целиноград ауданы бойынша 2011 жылға арналған жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданы бойынша 2011 жылға арналған жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің «Целиноград ауданы бойынша 2010 жылға арналған жұмыс орнының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/65 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1-17-133 тіркелген, 2010 жылғы 4 маусымдағы «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы аудан әкімдігінің қаулысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.