Об организации общественных работ на 2011 год Қолданыста
Басқа 0
2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген «Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне» сәйкес, жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сара Қабылбекқызы Мәдиеваға жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облысының
Әділет департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Н.Егінбаев
27 желтоқсан 2010 жыл
"Жамбыл облысы Тараз қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.Мельников
27 желтоқсан 2010 жыл
"Жамбыл облысы Ішкі істер
департаментінің Тараз қалалық
ішкі істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
К.Досанов
27 желтоқсан 2010 жыл
Басқа 5. Ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
Тараз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1107 қаулысына қосымша
Ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№
Ұйымның атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлерi
Көлемi мен нақты жағдайлары
Қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi (тенге)
2011 жыл
Сұраныс
Ұсыныс
1
«Тараз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң «Жасыл-Тараз» мамандандырылған кәсiпорын шаруашылық жүргiзу құқығындағы» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны
Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру
Аптасына 40 сағат, 12 ай мерзімге
25 000
жергiлiктi бюджет
355
355
2
«Жамбыл облысының Әдiлет департаментi» мемлекеттiк мекемесi
Құжаттарды рәсiмдеуге техникалық көмек көрсету
Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 8 сағат, 12 ай мерзімге
22 000
жергiлiктi бюджет
20
3
3
«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық Ішкі істер басқармасы» мемлекеттiк мекемесi
Бөлімшелердің аулаларын санитарлық тазалау
Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 8 сағат, 12 ай мерзiмге
20 000
жергiлiктi бюджет
10
3
4
«Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету
Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 8 сағат, 6 ай мерзiмге
20 000
жергiлiктi бюджет
20
5
5
«Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Аула клубтарының жұмыстарын ұйымдастыру үшін
Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 8 сағат, 12 ай мерзімге
20 000
жергiлiктi бюджет
10
10
6
"Тараз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң "Тұрғын үй" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорыны
Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау
Аптасына 40 сағат, 12 ай мерзімге
20 000
жергiлiктi бюджет
10
10
Барлығы:
425
386