Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку в 2011 году Қолданыста
Басқа 0
2011 жылы шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және" өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 3-тармағының негізінде, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу және дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2011 жылғы қаңтар-наурызда "Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелу ұйымдастырылсын және өткізілсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығымен бірге (келісім бойынша) тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу үшін нарядты оқу орындарына жеткізсін, әскери-оқыту орындары бойынша бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы-оқытушыларды анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмыстарын бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы ұйымдастырсын, әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарландыру берсін. Тіркеу кезеңінде әскери-оқу орындарына түсуге әскери-кәсіптік бағыттау мақсатында әр әскерге шақырылушымен жеке әңгімелесу өткізсін.
Тармақ 4
4. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 2011 жылғы қаңтар-наурызда тіркеуді ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шаралардың қаржыландыруын Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен "Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шегіндегі іс-шаралар" 122005 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарында көзделген қосымша қаражаттың есебінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Жұрқабаевқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛГЕН
"Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________ М. Жүндібаев
2010.23.12 ж.
"Қостанай қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________ Ө. Өтебасов
2010.23.12 ж.