Об организации оплачиваемых общественных работ в Узункольском на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға арналған Ұзынкөл ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) 2011 жылға арналған Ұзынкөл ауданындағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайларының қоса ұсынылған Тізбесі;
Тармақша 2
2) аудан бюджеті қаражаттары есебінен қоғамдық жұмысқа қатысушылардың ең төменгі жалақының бір жарымдық көлемінде еңбек ақысы мөлшерінде азаматтардың еңбек төлемі бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығына:
Тармақша 1
1) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған қызметтерді көрсету жөніндегі шарт жасасын;
Тармақша 2
2) жұмыссыздарды төленетін қоғамдық жұмыстарына жіберуді жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджет қаражаттарынан қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбек ақысына, соның ішінде 2011 жылға белгіленген міндетті зейнетақы жарналары, табыс салығы шығындарын төлеу үшін, жұмыс берушілердің есеп шоттарына қаржылық қаражаттары аударылсын;
Тармақша 4
4) жұмыс берушiлердiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген мөлшерiнде әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк қорына әлеуметтiк аударуларды төлеуге арналған шығындарын, талап етуге дейiнгi немесе банкiнiң ақшалай төлем карточка есеп шоттарына еңбекақыны аудару мен төлеу және шотқа басқа ақшалай төлемдер бойынша екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi үшiн комиссиондық сыйақыны төлеуге арналған шығындарын жергілікті бюджеттен шарт бойынша белгiленген мөлшерде өтесiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Э.Қ. Күзенбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛIСIЛДI: "Ұзынкөл орталық аудандық аурухана" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны, бас дәрігер _______________ Қ.Ержанов 2011 жылғы 7 ақпанда
Басқа 12
Әкімдіктің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 45 қаулысына қосымша Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың және қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемінің және нақты қоғамдық жұмыстардың еңбекақы мөлшерінің тізбесі № Ұйым атауы Жұмыс түрлері Жұмыс жағдайлары Нақты жұмыс шарттары 1 "Ұзынкөл орталық аудандық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Жұмыскерлердің алдын ала кәсіби дайындығын талап етпейтін күнделікті жұмыстарға көмек: аумақты жинау бойынша және аббаттандыруға көмек; жөндеу жұмыстарын өткізудегі көмек; Бауман, Ершов, Киев, Киров, Куйбышев, Новопокров, Петропавл, Чапай, Федоров, Пресногорьков, Россия, Суворов, Карлмаркс, Ұзынкөл селолық округтерінің, Троебрат, Ұзынкөл, Ряжский селоларының аумағындағы тұрған және "Ұзынкөл орталық аудандық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны объектілерін жөндеуге және аббатандыруға қатысу. 152400 сағаттар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылға шектеуді есепке алғанда қоғамдық жұмысқа бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтылығы - аптасында 40 сағаттан аспауы, екі демалыс күндерімен, түскі демалыс бір сағаттан кем болмауы керек