Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающим на территории Астраханского района на 2011 год Қолданыста
Басқа 0
2011 жылға арналған Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға арналған Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан артық);
24 жасқа дейінгі жастар;
әлеуметтік-психологиялық оңалту курсын өткен есірткіге тәуелділер;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 4
4. Қаулы Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Астрахан ауданының «Жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Қ. Жұмақаев
Астрахан ауданының
«Экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Шонабаева