Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2011 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на проведение противоэпизоотических мероприятий Қолданыста
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы
«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды аса қауіпті инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 10 наурыздағы
№ 241 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі - ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Ағымдағы нысаналы трансферттер 053 «Эпизоотияға қарсы шаралар, жануарлар мен құстардың қауіпті жұқпалы және созылмалы ауруларының ошақтарын жою» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) орталықтандырып сатып алған ветеринариялық препараттарды тасымалдауға, уақытша сақтауға және қолдануға байланысты шығыстарды жабуға бағытталған және мыналарды:
Тармақша 1
1) ветеринариялық препараттарды;
Тармақша 2
2) ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау;
Тармақша 3
3) ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруды көздейді.
Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ағымдағы нысаналы трансферттер Министрлік бекітетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың 2011 жылға арналған жоспарында (бұдан әрі - Ветеринариялық іс-шаралар жоспары) көзделген іс-шараларға бөлінеді.
Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Тарау 2. 2. Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
2. Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
Тармақ 5
5. Министрлік республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, Ветеринариялық іс-шаралар жоспарының негізінде, сондай-ақ қол қойылған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім щеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттерді аударады.
Тармақ 6
6. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері мен облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы арасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары, сондай-ақ Ветеринариялық іс-шаралар жоспары негізінде республикалық бюджеттен алынған нысаналы ағымдағы трансферттерді аудандардың (облыстық маңызы қалалардың) бюджеттеріне аударады.
Тармақ 7
7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.
Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдері ветеринарлық препараттарды уақытша сақтау, ветеринариялық препараттарды қолдану бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.
Тармақ 8
8. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау Астана, Ақтөбе және Алматы қалаларында орналасқан франко-қоймалардан жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары ветеринариялық препараттарды аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес, Ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сай бөлуді жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдері ветеринариялық препараттарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызметтерді көрсетушілер арасында ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес, Ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сай бөлуді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармаларында (бұдан әрі - басқармалар), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдерінде орындалған жұмыстарды бағалау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Басқармалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) Комиссияның жұмыс органдары болып табылады.
Тармақ 12
12. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі, ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау жөніндегі, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызметтерді көрсетушілер Ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес ай сайын жұмыстардың орындалуына қарай, бірақ 2011 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актілерін;
Тармақша 2
2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтердің актілерін.
Тармақ 13
13. Бөлім ай сайын құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жиналған құжаттарды басқармаға, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдеріне қарауға және ақы төлеуге ұсынады.
Тармақ 14
14. Ұсынылған құжаттар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлім үш жұмыс күні ішінде сәйкес келмеу себептерін сипаттай отырып, оларды ветеринариялық препараттарды тасымалдау, ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау жөніндегі, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызмет көрсетушілерге пысықтауға қайтарады.
Тармақ 15
15. Көрсетілген қызмет үшін тиісті қызметтер көрсетушілердің банктік шоттарына қаржылай қаражат аударуды басқарма, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Басқармалар Министрлікке ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, ал жылдың қорытындылары бойынша 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, ал қаражат толығымен игерілмеген жағдайда есебі көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының, пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады.
Тармақ 17
17. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Министрлікке жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей аралық есепті, ал жылдың қорытындылары бойынша келесі қаржы жылының 15 ақпанынан кешіктірмей ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы қорытынды есепті ұсынады.
Тармақ 18
18. Министрлік Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келісім негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады.
Тармақ 19
19. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттердің ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жетпегені, алынған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткен тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті бермегені үшін жауапты болады.
Басқа 1. Көрсетілген қызметтерді бағалау актісі
Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің
эпизоотияға қарсы іс-шараларды
жүргізуге 2011 жылғы республикалық
бюджеттен берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді
пайдалану қағидасына
1-қосымша
Көрсетілген қызметтерді бағалау актісі
____________________________ 20___ ж. «__» ______
(облыс, аудан, елді мекен)
__________________________________________________ құрылған комиссия,
(Комиссияның кімнің шешімімен құрылғаны, шешімнің
күні және нөмірі көрсетілсін)
құрамында: Комиссия төрағасы, _______________________________________
(Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
Комиссия мүшелері, __________________________________________________
(Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
сондай-ақ 20__ ж. «___»________ №_________________ сенімхатқа сәйкес
______________________________________ мүдделерін білдіруге уәкілетті
(қызметтер көрсетушінің толық атауы)
___________________________________________ мынадай қорытынды жасады:
(Т.А.Ә.)
Қызметтердің толық атауы
Көрсетілген қызметтің қысқаша сипаттамасы
Өлшем бірлігі
Көрсетілген қызметтердің көлемі
Бірлік бағасы
(теңге)
Сомасы
(теңге)
Көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы:
_____________________________________________________________________
(атап шығыңыз)
Көрсетілген қызметтерге наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз).
_________________________________________________________
Комиссия төрағасы ______________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Комиссия мүшелері ______________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Қызметтер көрсетушіден ______________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Басқа 2. Көрсетілген қызметтердің актісі
Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің
эпизоотияға қарсы іс-шараларды
жүргізуге 2011 жылғы республикалық
бюджеттен берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді
пайдалану қағидасына
2-қосымша
Көрсетілген қызметтердің актісі
__________________________ 20____ ж. «____» _________
(облыс, аудан, елді мекен)
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ____________________________
(мекеме атауы)
атынан 20__ ж. «___» ___________ № ________ бұйрығы негізінде әрекет
ететін ___________________________________ және бұдан әрі «Қызметтер
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
көрсетуші» деп аталатын ______________________________________ атынан
(қызметтер көрсетушінің толық атауы)
20___ ж. «___» ________ № ________ Жарғы (сенімхат) негізінде әрекет
ететін _______________________ 20_ ж.«__»____ көрсетілген қызметтерді
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
бағалау актісіне сәйкес төмендегі туралы осы Актіні жасады.
Қызметтер көрсетуші оның және Тапсырыс берушінің арасында жасалған
20__ ж. «___» ________ № __________________ Шартқа сәйкес мынадай
сипаттамадағы қызметтерді көрсетті:
Қызметтердің толық атауы
Көрсетілген қызметтің қысқаша сипаттамасы
Өлшем бірлігі
Көрсетілген қызметтердің көлемі
Бірлік бағасы
(теңге)
Сомасы
(теңге)
Көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы:
_____________________________________________________________________
(атап шығыңыз)
Көрсетілген қызметтерге наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз) _______________________________________________________
Тармақ 1
1. Алынған тауарлардың жалпы құны __________________
Тармақ 2
2. Аванс сомасы _________________________________
Тармақ 3
3. Бұрын актіленген сомасы _______________________
Тармақ 4
4. Төлеу керегі __________________________________
Тапсырыс беруші үшін Қызметтер көрсетуші үшін
___________________________ ________________________________
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы) (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
___________________________ ________________________________
(қолы, мөртаңбасы) (қолы, мөртаңбасы)