Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2011 года областными бюджетами на поддержку племенного животноводства Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес, асыл тұқымды өніммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыздағы N 242 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі бойынша республикалық малды асылдандырушы орталықтың (бұдан әрі – республикалық малды асылдандырушы орталық), қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының, етті құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – тауар өндірушілер) ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) асыл тұқымды жануарлардың үлес салмағын, сондай-ақ тауар өндірушілердегі ауыл шаруашылығы малының өнімділігін арттыру мақсатында 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Бюджеттік субсидиялар:
Тармақша 1
1) тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан, өз төлінен өсірілетін шаруашылықтардан сатып алған, оның ішінде лизинг негізінде сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлінің, сондай-ақ ірі қара малдың импортталған асыл тұқымды төлінің (индекстік жүйе бойынша бағаланған және таза тұқымды көбейтуге немесе туыстық топтарды шағылыстыруға арналған қашарлар мен құнажындар, өсімін молайту мақсатында пайдалануға арналған ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалар), оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлдің (бұдан әрі - импорттық асыл тұқымды төл) құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
Тармақша 2
2) тауар өндірушілер дистрибютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалар ұрығының құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
Тармақша 3
3) отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәуліктік балапандар (бұдан әрі – балапандар) мен асыл тұқымды жұмыртқаның құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
Тармақша 4
4) республикалық малды асылдандырушы орталық сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың құнын толық өтеуге;
Тармақша 5
5) асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағу, ұрығын алу, сақтау, олардың ұрығын ұрпағының сапасы бойынша бағалау (бұдан әрі – бағалау) үшін пайдалану және эмбриондар алу, сақтау, пайдалану бойынша республикалық малды асылдандырушы орталықтың шығындарын толық өтеуге;
Тармақша 6
6) етті құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықта асыл тұқымды құсты сатып алу және күтіп-бағу жөніндегі шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 7
7) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды жылқыларды көбейту, күтіп-бағу және жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеуге арналады.
Тармақ 3
3. Тауар өндірушілер субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін:
Тармақша 1
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өлшемдерге сәйкес келуі;
Тармақша 2
2) сатып алынған асыл тұқымды ірі қара мал төлін бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне тіркеуді қамтамасыз етуі;
Тармақша 3
3) асыл тұқымды малдардың тізілімін, ал, ірі қара мал шаруашылығында жануарларды бірдейлендірудің бірыңғай дерекқорын жүргізу үшін тиісті деректер ұсынуы тиіс.
Тармақ 4
4. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаға 1-қосымшада белгіленген өлшемдерге сәйкес келмейтін тауар өндірушілер сатып алған асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, сондай-ақ құс шаруашылығының асыл тұқымды өнімі;
Тармақша 2
2) тауар өндірушілер өзара есеп айырысу есебіне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардан (ата-тектік және ата-енелік желідегі балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаны қоспағанда) айырбас бойынша сатып алған асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік шағылыстыруға арналған импорттық асыл тұқымды қашарлар;
Тармақша 4
4) өнеркәсіптік шағылыстыруға арналған импорттық және отандық асыл тұқымды малдан алынған қашарлар;
Тармақша 5
5) бұрын тауар өндірушілер және лизингтік ұйымдар (бұдан әрі - лизинг берушілер) арзандатқан және сатқан асыл тұқымды төл.
Тармақ 5
5. Сатып алынған асыл тұқымды мал төлінің, тұқымдық бұқалар ұрығының, сондай-ақ балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның әрбiр түрiне бюджеттiк субсидиялар нормативi осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
Тармақ 6
6. Етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың тауар өндірушілерге балапандарды, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталықтың асыл тұқымды бұқалар ұрығын сату бағасы осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 7
7. Асыл тұқымды өнім (материал) түрлері бойынша облыстар бөлінісінде бюджеттік субсидиялардың көлемі, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталыққа етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылыққа, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына қаражат бөлудің жылдық сметасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) келісімі бойынша облыс әкімінің шешімімен мынадай құжаттар бекітіледі:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату шартының үлгілік нысаны (лизинг шартын қоспағанда);
Тармақша 2
2) сатып алынған асыл тұқымды өнімге (материалға) субсидия алуға өтінім нысаны;
Тармақша 3
3) сиыр мен қашарларды ұрықтандыру актісінің нысаны;
Тармақша 4
4) асыл тұқымды өнім сатып алу мен асыл тұқымды материалды қолдану және облыс бойынша тиесілі субсидия сомасы туралы жиынтық акт нысаны;
Тармақша 5
5) облыс бойынша бюджеттік қаражатты игеру жөніндегі есеп нысаны (ақпарат);
Тармақша 6
6) облыс бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу көлемі жөніндегі тоқсандық есеп нысаны (ақпарат);
Тармақ 9
9. Министрлік бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге аударады.
Тарау 2. 2. Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
2. Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
Тармақ 10
10. Тауар өндiрушiлер 2011 жылғы 1 қарашадан кеш емес мерзiмде аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмiне (бұдан әрi – Бөлiм) отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан асыл тұқымды мал төлін, тұқымдық бұқалар ұрығын, сондай-ақ отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан ата-тектiк және ата-енелiк нысаннан құралған балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқа сатып алудың нақты және (немесе) жоспарланған көлемiне өтiнiмдер ұсынады. Бұл ретте отандық тауарлы құс фабрикалары өтiнiмдерiн «Қазақстан құс өсiрушiлер одағы» заңды тұлғалар бiрлестiгiмен келiседi.
Тармақ 11
11. Бөлім өтінімдерді алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде тауар өндірушілердің белгіленген өлшемдерге сәйкестігін тексереді және олар сәйкес болған жағдайда аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны аудан әкіміне бекітуге жібереді, ал өтінімдер белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтінімдерді қабылдамаудың негізді себептерін көрсете отырып, оларды тауар өндірушілерге кері қайтарады. Бөлім жиынтық тізімді бекіткеннен кейін, оны тауар өндірушілердің өтінімдерімен бірге облыс әкімінің шешімімен құрылған облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары төрағалық ететін облыстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның құрамына Басқарманың, Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ салалық және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 12
12. Комиссия:
Тармақша 1
1) үш жұмыс күні ішінде Бөлімдер ұсынған өтінімдердің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды;
Тармақша 2
2) өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша бюджеттік субсидиялар, субсидияланатын асыл тұқымды өнім (материал) сатып алуға жылдық квоталар алуға, тауар өндірушілердің жиынтық тізімін, сондай-ақ осы Қағидаға 2-қосымшада көрсетілген бюджеттік субсидиялар нормативтері негізінде бюджеттік субсидиялар көлемін облыс әкіміне бекітуге ұсынады.
Тармақ 13
13. Тауар өндірушілердің өтінімдері облысқа жеткізілген бюджеттік субсидиялар көлемінен асып түскен жағдайда, Комиссия тауар өндірушілердің ірі қара малдың асыл тұқымды төлін алуға өтінімдерін басым тәртіппен қанағаттандырады.
Тармақ 14
14. Облыс әкімі Комиссияның ұсынуы бойынша субсидиялау квоталарын көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тізімін бекітеді. Басқарма облыс әкімінің шешімімен бекітілген асыл тұқымды өнімнің (материалдың) субсидияланатын көлеміне арналған квоталарды көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тізімін бір-бір данадан Министрлікке және тиісті бөлімдерге жолдайды.
Тармақ 15
15. Тауар өндірушілер, субсидиялау бағдарламасына қатысушылар бюджеттік субсидиялар алу үшін мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды төлді, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алу кезінде: сатып алу-сату шартының көшірмесін; төлем құжаттарының көшірмелері - кіріс-кассалық ордерді, банктің төлем тапсырмасын, шот-фактураны (бұдан әрі - төлем құжаттары); төлді, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны кіріске алу актісін;
Тармақша 2
2) тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алу кезінде: сатып алу-сату шартының көшірмесін; төлем құжаттарының көшірмелерін; ұрыққа арналған асыл тұқымдық куәлік көшірмесін; ұрықты пайдалану актісін;
Тармақша 3
3) импорттық асыл тұқымды төл сатып алу кезінде: сатып алу-сату шартының көшірмесін; төлем құжаттарының көшірмелерін; Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы таныған асыл тұқымды мал куәлігінің (сертификаттың) түпнұсқасын және көшірмесін. (Бұл ретте асыл тұқымды мал куәлігінің (сертификаттың) түпнұсқасы көшірмесімен салыстырып тексерілгеннен кейін бюджеттік субсидия алушыға қайтарылады); ветеринариялық куәліктің (сертификаттың) көшірмесін; импорттық асыл тұқымды төлді кіріске алу актісін;
Тармақша 4
4) асыл тұқымды төлді лизинг шарты негізінде сатып алу кезінде: лизинг шартының көшірмесін; лизинг шарты бойынша негізгі борышты өтеу үшін лизинг берушінің деректемелерін көрсете отырып субсидия төлеуге өтінімді ұсынады.
Тармақ 16
16. Асыл тұқымды өнім (материал) құнының кемінде 50 %-ын төлеген тауар өндірушілерді бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізуге жол беріледі. Бұл ретте тауар өндірушілер Бөлімге: сатып алу-сату шартының көшірмесін; кемінде 50% теленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін; сатып алынған малдардың (асыл тұқымды жұмыртқадан басқа) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімде тіркелгенін растайын құжатты ұсынады. Қалған сомаға төлем құжаттарының көшірмелерін, сондай-ақ оларды жеткізіп беру немесе пайдалану актілерін тауар өндірушілер құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидиялар алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бөлімге ұсынады.
Тармақ 17
17. Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай үш жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 24 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған құжаттарды тексереді. Сатып алынған малдар асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімінде, ал асыл тұқымды ірі қара мал бірдейлендірудің бірыңғай дерекқорында және бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркелген, сондай-ақ ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда асыл тұқымды мал төлінің, тұқымдық бұқалар ұрығының, балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатып алынғаны туралы жиынтық акт жасап, оны бекітеді және төлем құжаттарының көшірмелерімен қоса, Басқармаға ұсынады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға, оның ішінде осы Қағиданың 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда Бөлім екі жұмыс күнінен кешіктірмей қайтару себептерін көрсетіп, оларды тауар өндірушілерге қайтарады. Сатып алынған асыл тұқымды ірі қара мал төлінің арзандатылғаны туралы мәліметті Басқарма бюджеттік субсидияны тауар өндірушінің банктік шотына аударған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Бөлім бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне енгізуі тиіс.
Тармақ 18
18. Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей қарайды және олар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда облыс бойынша асыл тұқымды төлдің, тұқымдық бұқалар ұрығының, сондай-ақ балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатып алынғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді. Оларда көрсетілген бюджеттік субсидиялардың көлемі мен нормативтері негізінде белгіленген квоталар шегінде тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындайды, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біріктірілген жиынтық ведомость және ақы төлеу шоттарын қалыптастырады. Тауар өндірушілердің, лизинг берушілердің банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне 2 данада ақы төлеу шоттарын қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға, оның ішінде осы Қағиданың 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, Басқарма бес жұмыс күнінен кешіктірмей оларды кері қайтару себептерін көрсете отырып, Бөлімге пысықтауға қайтарады.
Тармақ 19
19. Асыл тұқымды бұқаларды, ұрықты, жабдықты және техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшін республикалық малды асылдандырушы орталық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлікпен келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын, жабдықты және техниканы сатып алуға арналған шарттарды бір-бір данада Басқармаға ұсынады. Басқарма ұсынылған шарттарды үш жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды республикалық малды асылдандырушы орталықтың банктік шотына аударады. Республикалық малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқаларды, ұрықты және жабдықты сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен кіріске алу актісінің көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 20
20. Республикалық малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағуға, олардың ұрықтарын алуға, сақтауға және бағалауға эмбриондарды алуға, сақтауға және пайдалануға жұмсалған шығындарды толық өтеу үшін шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бірақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға сол шығындарды растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады. Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды республикалық малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 21
21. Балапандарды сатып алу жөніндегі шығындарды толық өтеу үшін етті құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылық 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға Балапандарды сатып алуға арналған шарттарды бір-бір данада ұсынады. Басқарма ұсынылған шарттарды үш жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы орталықтың банктік шотына аударады. Етті құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылық балапандарды сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен кіріске алу актісінің көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 22
22. Асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшін етті құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылық шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бірақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады. Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы орталықтың банктік шотына аударады.
Тармақ 23
23. Асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшін қостанайлық жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауыт шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бірақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей, Басқармаға сол шығындарды растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады. Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының банктік шотына аударады.
Тармақ 24
24. Басқарма осы Қағиданың 19, 20, 21, 22, 23-тармақтарына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне екі данада ақы төлеу шотын қоса бере отырып, ақы төлеу тізілімін ұсынады.
Тармақ 25
25. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны іске асыруға 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
Тармақ 26
26. Басқарма ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлікке орындалған жұмыстардың көлемі, құны және тиімділігі, төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы есеп береді.
Басқа 1. Тауар өндірушілерге және тауарлық құс фабрикаларына қойылатын өлшемдер
Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 1-қосымша Тауар өндірушілерге және тауарлық құс фабрикаларына қойылатын өлшемдер 📌 Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен. Р/с № Көр­сет­кіш­тер 1. Та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге 1. Се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мысы­ның бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тір­ке­уде бо­луы* 2. Мы­на­дай: 1) са­тып алын­ған асыл тұқым­ды төл­ді ке­мін­де 2 жыл өсім­ді мо­лай­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 2) са­тып алын­ған асыл тұқым­ды қа­шар­лар­ды та­за тұқым­ды өсі­ру­ге неме­се туы­стық топ­ты ша­ғы­лы­сты­ру үшін пай­да­ла­ну ту­ра­лы мін­дет­те­ме­нің бо­луы; Им­порт­тық асыл тұқым­ды мал­ды са­тып алу ке­зін­де: 3) та­за тұқым­ды өсі­ру неме­се туы­стық топ­ты ша­ғы­лы­сты­ру ар­қы­лы қа­шар­лар­ды (құ­на­жын­ды) өсім­ді мо­лай­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 4) ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­ды өсім­ді мо­лай­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну ту­ра­лы мін­дет­те­ме­нің бо­луы. 3. Мал­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мі­рі­нің және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­рың­ғай бір­дей­лен­ді­ру де­ректер ба­за­сын­да тір­ке­уде бо­луы 4. Қа­был­дан­ған тех­но­ло­ги­я­ға сәй­кес мал­дар­ды кү­тіп-ба­ғу­ға ар­нал­ған үй-жай­лар­дың бо­луы 5. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 6. Ауы­спа­лы егі­сте жем­шөп да­қыл­да­ры­ның неме­се жем­шөп са­тып алу­ға шар­ттың бо­луы 2. Та­у­ар­лық құс фаб­ри­ка­ла­ры­на 1. Тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да құ­стар­ды жыл бойы ұстау, тор­да және еден­де ұстау үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тар­дың бо­луы; 2. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру Ескерту: * Ірі қара малды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркеуде болуы тиіс. Малдың бірдейлендіру нөмірінің және ірі қара мал өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін талапты Қазақстан Республикасының бірыңғай бірдейлендіру дерекқорында тіркеудің болуы.
Басқа 2. Бюджеттік субсидиялар нормативтері 1. Асыл тұқымды төлге берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері
Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 2-қосымша Бюджеттік субсидиялар нормативтері 1. Асыл тұқымды төлге берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері Р/с № Мал­дың түр­ле­рі мен тұқым­да­ры 1 кг ті­рі сал­ма­ғы­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге Қой­лар би­я­зы жүн­ді ба­ғыт­та­ғы: Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 кг ті­рі сал­ма­ғы­на 150 тең­ге­ден ар­тық емес 1. Қа­з­ақ­тың би­я­зы жүн­ді қойы 2. Қа­з­ақ­тың ар­қар ме­ри­но­сы 3. Оң­тү­стік қа­зақ ме­ри­но­сы 4. Сол­тү­стік қа­зақ ме­ри­но­сы 5. Ав­стра­лия ме­ри­но­сы би­я­зы­лау жүн­ді ба­ғыт­та­ғы: Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 кг ті­рі сал­ма­ғы­на 150 тең­ге­ден ар­тық емес 1. Ци­гай қойы 2. Қа­з­ақ­тың би­я­зы­лау кросс­бред­ті жүн­ді қойы 3. Де­ге­рес ет­ті-жүн­ді қойы Ет­ті-май­лы ба­ғыт­та­ғы: Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 кг ті­рі сал­ма­ғы­на 150 тең­ге­ден ар­тық емес 1. Еділ­бай қойы 2. Қа­з­ақ­тың ұяң жүн­ді неме­се қы­л­шық жүн­ді құй­рық­ты қойы 3. Са­ры­ар­қа құй­рық­ты қойы 4. Гис­сар қойы 5. Қа­ра­көл қойы Жыл­қы­лар өнім­дік ба­ғыт­та­ғы: Са­тып алын­ған құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 кг ті­рі сал­ма­ғы­на 110 тең­ге­ден ар­тық емес 1. Қа­з­ақ­тың жа­бы жыл­қы­сы 2. Кө­шім жыл­қы­сы 3. Мұ­ғал­жар жыл­қы­сы спорт ба­ғы­тын­да­ғы: Са­тып алын­ған құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 кг ті­рі сал­ма­ғы­на 300 тең­ге­ден ар­тық емес 1. Қо­ста­най жыл­қы­сы Шош­қа­лар 1. Ірі ақ шош­қа Са­тып алын­ған құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 кг ті­рі сал­ма­ғы­на 130 тең­ге­ден ар­тық емес 2. Немі­стің асыл тек­ті шош­қа­сы 3. Дю­рок Түй­е­лер 1. Қа­з­ақ­тың ай­ыр өр­ке­ш­ті түй­е­сі Са­тып алын­ған құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 кг ті­рі сал­ма­ғы­на 80 тең­ге­ден ар­тық емес 2. Ару­а­на 2. Асыл тұқымды ірі қара малдың төліне берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері 📌 Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. Р/с № Мал­дың түр­ле­рі мен тұқым­да­ры 1 бас­қа ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Ірі қа­ра мал сүт­ті ба­ғыт­та­ғы: Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 ба­сы­на 100 000 тең­ге­ден ар­тық емес 1. Қа­ра-ала (гол­ш­тин) сиыр 2. Қы­зыл (қыр­дың қы­зыл) сиыр 3. Қо­ңыр (ала­тау) сиыр 4. Қыз­ғы­лт са­ры шұ­бар (сим­мен­тал) сиыр ет­ті ба­ғыт­та­ғы: Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 ба­сы­на 100 000 тең­ге­ден ар­тық емес 1. Қа­з­ақ­тың ақ­бас сиы­ры 2. Әу­лие­көл сиы­ры 3. Сан­та-гер­тру­да сиы­ры 4. Ша­ро­ле сиы­ры 5. Ге­ре­форд сиы­ры 6. Ан­гус 3. Импорттық асыл тұқымды төліне берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері р/с № Асыл тұқым­ды төл әке­ле­тін мем­ле­кет 1 бас­қа ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­дия нор­ма­ти­ві, тең­ге 1. Ке­ден­дік одақ­та­ғы ел­дер (Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы, Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы) Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 ба­сы­на 100 000 тең­ге­ден ар­тық емес 2. Алыс шет ел­дер Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 ба­сы­на 200 000 тең­ге­ден ар­тық емес 4. Тұқымдық бұқалар ұрығының 1 дозасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері Р/с № Асыл тұқым­ды ма­те­ри­ал тү­рі Тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғын са­тып алу­ға ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге екі жы­ны­сты бір жы­ны­сты ұрық отан­дық им­порт­тық 1. Тұқым­дық бұ­қа­лар ұры­ғы Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 до­за­сы­на 500 тең­ге­ден ар­тық емес Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 до­за­сы­на 1 000 тең­ге­ден ар­тық емес Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 до­за­сы­на 3 000 тең­ге­ден ар­тық емес 5. Тәуліктік балапандарға берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері Р/с № Асыл тұқым­ды өнім­нің тү­рі Тәу­лік­тік ба­ла­пан­дар­дың 1 ба­сын са­тып алу­ға ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге ата-тек­тік та­бын­нан* ата-ене­лік та­бын­нан ** 1. Тәу­лік­тік ба­ла­пан (ет­ті ба­ғыт­та­ғы) Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 ба­сы­на 275 тең­ге­ден ар­тық емес 2. Тәу­лік­тік ба­ла­пан  (жұ­мырт­қа ба­ғыт­та­ғы) Са­тып алын­ған құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 ба­сы­на 45 тең­ге­ден ар­тық емес 6. Асыл тұқымды жұмыртқаның 1 данасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері Р/с № Асыл тұқым­ды жұ­мыр­тқа­ның түр­ле­рі Құс фаб­ри­ка­лар­ға жұ­мыр­тқа­ны са­тып алу үшін (50 %-дан ар­тық емес), тең­ге ата-тек­тік та­бын­нан ата-ене­лік та­бын­нан 1. Та­уық жұ­мырт­қа­сы (жұ­мырт­қа­ла­ғыш) - Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 жұ­мырт­қа­ға 19 тең­ге­ден ар­тық емес 2. Үй­рек жұ­мырт­қа­сы Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 жұ­мырт­қа­ға 35 тең­ге­ден ар­тық емес Са­тып алу құ­ны­ның 50 %-нен ар­тық емес, бі­рақ 1 жұ­мырт­қа­ға 30 тең­ге­ден ар­тық емес * Сатып алынатын асыл тұқымды ірі қара мал төлінің 1 басының тірілей салмағы 300 кг кем емес болуы тиіс. ** Етті құс шаруашылығында ата-енелік табынды қалыптастыру үшін. *** Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында өнеркәсіптік табынды қалыптастыру үшін. - Асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алғанына 1 жылдан астам уақыт болған асыл тұқымды құс фабрикалары сатқан асыл тұқымды өнім (тәуліктік балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялауға жатады.
Басқа 3. Асыл тұқымды өнімді (материалды) сатудың шектелген ең жоғарғы бағалары, теңге
Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 3-қосымша Асыл тұқымды өнімді (материалды) сатудың шектелген ең жоғарғы бағалары, теңге Асыл тұқым­ды өнім­нің (ма­те­ри­ал­дың) ата­уы Бір­лі­гі үшін Шек­тел­ген ба­ға­лар, тең­ге Рес­пуб­ли­ка­лық мал­ды асыл­дан­ды­ру­шы ор­та­лық­тың тұқым­дық бұ­қа­лар (ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған) ұры­ғын са­туы: 1) екі жы­ны­сты ұрық 1 до­за 1000-ге дей­ін 2) бір жы­ны­сты ұрық 2000-ге дей­ін Ет­ті құс ша­ру­а­шы­лы­ғы бой­ын­ша асыл­дан­ды­ру­шы ша­ру­а­шы­лық­тың ет­ті крос­сты асыл тұқым­ды тәу­лік­тік ба­ла­пан­дар­ды са­туы 1 бас 550-ге дей­ін «Бекітемін» _______________облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _________(аты-жөні, қолы, мөрі) 2011 жылғы «__» ____________
Басқа 4. ____________облысы бойынша 2011 жылдың ___ _______ айындағы асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) _____________________________________________________________________ (асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, асыл тұқымды жұмыртқа, балапандар - қажеттісі қалдырылсын) сатып алу және субсидиялар төлеу туралы біріктірілген жиынтық ведомосі*
Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 4-қосымша ____________облысы бойынша 2011 жылдың ___ _______ айындағы асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) _____________________________________________________________________ (асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, асыл тұқымды жұмыртқа, балапандар - қажеттісі қалдырылсын) сатып алу және субсидиялар төлеу туралы біріктірілген жиынтық ведомосі* Ата­уы Жыл­дық кво­та Бір бір­лік (кг т/с, до­за, да­на, бас) үшін бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Асыл тұқым­ды өнім­нің асыл­дан­ды­ру мақ­са­ты­на нақ­ты са­тып алын­ға­ны (кг т/с, да­на, до­за, бас) Жыл­дың ба­сы­нан ба­стап бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы, тең­ге Жыл­дың ба­сы­нан  ба­стап тө­лен­ген, тең­ге Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге Тө­ле­у­ге жа­та­ды, тең­ге аудан­ның асыл тұқым­ды өнім­ді неме­се асыл тұқым­ды ма­те­ри­ал­ды са­тып алушы­ның (кг, до­за, да­на, бас) тең­ге жыл ба­сы­нан ба­стап есеп­ті ай ішін­де * сатып алынған асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әрбір түріне жеке жасалады. Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы) Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы) «Бекітемін» _______________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _________(аты-жөні, қолы, мөрі) 2011 жылғы «__» ____________
Басқа 5. жиынтық ведомосі
Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 5-қосымша Малды асылдандырушы орталыққа, асылдандырушы шаруашылыққа, қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына 2011 жылғы ___________ айы үшін тиесілі бюджеттік субсидиялар туралы (ай) жиынтық ведомосі Шы­ғын­дар­дың бап­та­ры Бюд­жет қа­ра­жа­тын бө­лу сме­та­сын­да көз­дел­ген со­ма, мың тең­ге Са­тып алын­ған та­у­ар­лар­дың (жа­ну­ар­лар­дың), орын­дал­ған қыз­мет­тер мен жұ­мыстар­дың нақ­ты кө­ле­мі Жыл ба­сы­нан ба­стап ти­е­сі­лі со­ма, мың тең­ге Жыл­дың ба­сы­нан ба­стап тө­лен­ген, мың тең­ге Ти­е­сі­лі со­ма­ның қал­ды­ғы, мың тең­ге Тө­ле­у­ге жа­та­ды, мың тең­ге ЖИЫ­НЫ Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға)           _____________________ (аты-жөні, қолы) Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)