Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2011 года областными бюджетами на субсидирование повышения продуктивности и качества продукции животноводства Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 252 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту, сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (бұдан әрі – тауар өндірушілер) қолдау мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Бюджеттік субсидиялар тауар өндірушілерге:
Тармақша 1
1) сиыр етін, шошқа етін, бройлерлік құс еті мен күрке тауық етін (бұдан әрі - құс еті), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрі - тағамдық жұмыртқа) өндіру үшін пайдаланылатын құрама жемнің және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрі - маңыздандырылған азық) құнын ішінара (45%-ға дейін) арзандатуға, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнін (бұдан әрі - биязы жүн), қой етін, жылқы етін, қымыз және шұбат өндірісіне жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге арналады. Бұл ретте субсидиялар тауар өндірушілерге сиыр еті, шошқа еті, сүт, қой еті, жылқы еті және биязы жүннің есептік нөмірлері бар қайта өңдеу кәсіпорындарына (бұдан әрі - қайта өңдеу кәсіпорындары), сою алаңдарына (пункттеріне) немесе қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін пайдалану шартымен еркін нарықта, ал құс еті, тағамдық жұмыртқа, қымыз және шұбаттың облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен квоталар шегінде еркін нарықта сатылған іс жүзіндегі көлеміне төленеді;
Тармақша 2
2) ірі қара малдың аналық басын (бұдан әрі - сиырларды) азықтандыру үшін пайдаланылатын шырынды және кесек азықтың (бұдан әрі - азықтың) құнын ішінара (50%-ға дейін) арзандатуға арналады.
Тармақ 3
3. Тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында квоталарды айқындау тұқым мен өнімділік бағытына байланысты өнім шығуының зоотехникалық нормаларын есепке ала отырып, бюджеттік бағдарламаны іске асыруға облысқа жеткізілген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады. Асыл тұқымды емес мал үшін негіз ретінде өнімділіктің орташа аудандық статистикалық көрсеткіші алынады.
Тармақ 4
4. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаға 1-қосымшамен белгіленген өлшемдерге сәйкес келмейтін тауар өндірушілер өндірген сиыр еті, шошқа еті, биязы жүн, қой еті, жылқы еті, қымыз, шұбат, құс еті, тағамдық жұмыртқа және сүт (бұдан әрі – өнім);
Тармақша 2
2) тауар өндірушілер одан әрі қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшін басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған өнім;
Тармақша 3
3) өзара есеп айырысу есебіне, сондай-ақ аффилирленген қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге беруді немесе сатуды қоспағанда, аффилирленген құрылымдарға тауар өндірушілер айырбас бойынша сатқан өнім;
Тармақша 4
4) жеке аулада сойылған сиыр еті, шошқа еті, қой еті, жылқы еті, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;
Тармақша 5
5) жануарларды мәжбүрлі санитариялық сою нәтижесінде, сондай-ақ аса жұқпалы аурулар бойынша карантиндік және шектеу іс-шараларының әрекет ету кезеңінде тауар өндірушілер алған өнім;
Тармақша 6
6) тауар өндірушілер бордақылауда тұрған сиырларды азықтандыру үшін пайдаланатын азық.
Тармақ 5
5. Субсидияланатын мал шаруашылығы өнімінің 1 (бір) килограмына, 1 (бір) данасына, сондай-ақ 1 (бір) бас сиырға арналған бюджеттік субсидиялардың нормативі осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) келісімі бойынша облыс әкімінің шешімімен мынадай құжаттар бекітіледі:
Тармақша 1
1) субсидиялар алуға өтінімдер нысаны;
Тармақша 2
2) аудан бойынша мал шаруашылығы өнімін сату туралы жиынтық актінің нысаны, сондай-ақ сиыр саны;
Тармақша 3
3) субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында квоталар мен бюджеттік субсидиялар мөлшерін бөлудің жиынтық тізімінің нысаны;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы өнімінің сатылған көлемі, сондай-ақ сиыр саны мен субсидиялар төлеу туралы облыс бойынша жиынтық ведомость нысаны;
Тармақша 5
5) облыс бойынша қаражатты игеру жөнінде есеп (ақпарат) нысаны;
Тармақша 6
6) мал шаруашылығы өнімін сату көлемі жөнінде есеп (ақпарат) нысаны.
Тармақ 7
7. Облыстар және субсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен анықталады.
Тармақ 8
8. Министрлік бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде облыстық бюджеттерге аударады.
Тарау 2. 2. Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
2. Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
Тармақ 9
9. Тауар өндiрушiлер 2011 жылғы 15 желтоқсаннан кешiктiрмей тиiстi ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмiне (бұдан әрi – Бөлiм) белгiленген нысан бойынша бюджеттiк субсидиялар алуға өтiнiмдер ұсынады. Бұл ретте құс фабрикалары өздерiнiң бюджеттiк субсидияларды алуға арналған өтiнiмдерiн «Қазақстан құс өсiрушiлер одағы» заңды тұлғалар бiрлестiгiмен келiсiп, содан соң Бөлiмге тапсырады.
Тармақ 10
10. Бөлім өтінімдерді алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде тауар өндірушілердің және құс фабрикаларының белгіленген өлшемдерге сәйкестігін тексереді және олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны аудан әкіміне бекітуге жібереді, ал өтінімдер белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ұсынылған өтінімдерді қабылдамаудың себептерін көрсете отырып, оларды тауар өндірушілерге кері қайтарады. Бөлім жиынтық тізімді бекіткеннен кейін, оны тауар өндірушілердің өтінімдерімен бірге облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары төрағалық ететін облыс әкімінің шешімімен құрылған облыстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның құрамына Басқарманың, Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ салалық және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 11
11. Комиссия:
Тармақша 1
1) жеті жұмыс күні ішінде Бөлімдер ұсынған өтінімдердің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды;
Тармақша 2
2) тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау қорытындысы бойынша облыс әкіміне: тауар өндірушілердің жиынтық тізімін, субсидияланатын мал шаруашылығы өнімдерін сатудың жоспарланған көлеміне квоталар бөлуді және субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың арасындағы бюджеттік субсидиялар мөлшерін; тауар өндірушілердің жиынтық тізімін, субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында азық бағасын арзандатуға бюджеттік субсидия алуға арналған квоталарды бөлуді бекітуге ұсынады.
Тармақ 12
12. Тауар өндірушілер өтінім білдірген бюджеттік субсидиялар көлемі облысқа жеткізілген бюджеттік субсидиялар көлемінен асып түскен жағдайда, Комиссия өлшемдердің неғұрлым жоғары деңгейіне жатқызылған тауар өндірушілердің өтінімдерін басымдық ретімен қанағаттандырады.
Тармақ 13
13. Облыс әкімі өз шешімімен Комиссияның ұсынуы бойынша мал шаруашылығы өнімінің субсидияланатын көлемін өндіруге квоталар мен тауар өндірушілер арасында субсидиялар мөлшерін бөлудің жиынтық тізімін бекітеді. Бекітілгеннен кейін Басқарма Министрлікке, тиісті Бөлімдерге, ал құс өнімдері бойынша «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін бір-бір данадан жібереді.
Тармақ 14
14. Сиыр еті, шошқа еті, қой еті, жылқы еті, сүт, биязы жүн бойынша бюджеттік субсидиялар алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер өнімнің сатылуына қарай ай сайын, бірақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына сатқан жағдайда: сиыр етін сатқан кезде Қазақстан Республикасының бірыңғай бірдейлендіру дерекқорынан сатылған (сойылған) малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме; сатылған өнімге төлем құжатының (қайта өңдеу кәсіпорнының есептік нөмірі көрсетілген) көшірмесін – банктің төлем тапсырмасы немесе кіріс-кассалық ордер, сондай-ақ шот-фактура (бұдан әрі – төлем құжаттары);
Тармақша 2
2) өнімді дербес сатқан жағдайда: сатылған өнімге төлем құжатының көшірмесі; өнімді бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтер үшін (өнімді өзінің қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе цехтарына тапсыру жағдайларын қоспағанда) төлем құжатының (қайта өңдеу кәсіпорнының есептік нөмірі көрсетілген) көшірмесі; сиыр етін сатқан кезде, Қазақстан Республикасының бірыңғай бірдейлендіру дерекқорынан сатылған (сойылған) малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме.
Тармақша 3
3) өнімді өзінің қайта өңдеу кәсіпордарына немесе цехына берген жағдайда: белгіленген үлгідегі жүкқұжат; сатылған өнімге тауарлы-көліктік жүкқұжаттардың тізімі; сиыр етін сатқан кезде, Қазақстан Республикасының бірыңғай бірдейлендіру дерекқорынан сатылған (сойылған) малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме. Қымыз және шұбат бойынша бюджеттік субсидиялар алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер мен құс фабрикалары Бөлімге сатылған өнімге төлем құжатының көшірмесін, ал құс еті және тағамдық жұмыртқа бойынша төлем құжаттарының тізілімін ұсынады. Азық құнын арзандатуға бюджеттік субсидия алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады: ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектінің селекциялық және асылдандыру жұмысына қатысқанын растайтын селекциялық және асылдандыру жұмысының бірыңғай ақпараттық базасынан деректердің үзінді көшірмесі; заңды тұлғалар нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін 24-аш статистикалық есептілік нысанынан есептің көшірмесі немесе үзінді көшірме, ал жеке тұлғалар нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін – сиыр басы санының болуын растауға арналған шаруашылық кітабынан үзінді көшірме.
Тармақ 15
15. Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша бюджеттік субсидияларды алушылардың жиынтық актісін жасайды және аудан әкімі бекіткеннен кейін жиналған құжаттарды осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша біріктірілген жиынтық ведомость пен төлеуге берілетін шоттар қалыптастыратын Басқармаға қарауға және төлеуге ұсынады.
Тармақ 16
16. Ұсынылған құжаттар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлім үш жұмыс күні ішінде оларды кері қайтару себептерін көрсете отырып, өтініш берушілерге қайтарады.
Тармақ 17
17. Тиісті тауар өндірушілердің және құс фабрикаларының банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін шоттардың 2 данасымен қоса төлеуге берілетін шоттардың тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2011 жылға арналған бюджеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
Тармақ 19
19. Басқарма Министрлікке ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей бекітілген нысандар бойынша бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есепті ұсынады.
Басқа 2. Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 1-қосымша Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер 📌 Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен. Р/с Көр­сет­кіш­тер Өл­шем бір­лі­гі Қол­да ба­ры 1. Ірі қа­ра мал­ды бор­да­қы­ла­у­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге (1 -дең­гей) 1. Бір мез­гіл­де ке­мін­де 3 000 бас ірі қа­ра мал­ды бор­да­қы­лай­тын қу­а­ты және да­мы­ған ин­фра­құ­ры­лы­мы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған алаң­ның бо­луы: - ала­ңы 1 бас­қа ке­мін­де 15 ш.м. бо­ла­тын мал­ды кү­тіп-ба­ғу­ға ар­нал­ған ашық қо­ра­лар; - ені 3 метр­ден кем емес бе­тон жи­ек­ті азық бе­ру­ге ар­нал­ған на­уа; - 1 бас­қа ке­мін­де 50 л. есе­бі­нен жы­лы­ты­ла­тын ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған су­а­ру кө­зі­мен қам­та­ма­сыз еті­луі; - қал­дық су мен қар суын шы­ға­рып та­ста­у­ға ар­нал­ған бұ­ры­шы еңіс мүй­і­зі бар дре­на­ж­дық жүйе; - қу­а­ты тәу­лі­гіне 1 бас­қа ке­мін­де 8 кг құ­ра­ма жем дай­ын­дау не та­ра­ту есе­бі­нен азық дай­ын­дау және азық та­ра­ту тех­ни­ка­сы­ның/жабды­ғы­ның қа­жет­ті са­ны; - бе­кіт­кі­ші бар жік­те­гіш­тің бо­луы, та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы; - ве­те­ри­на­ри­я­лық пункт­тің, азық сақ­тау қой­ма­сы­ның бо­луы. 2. Ірі қа­ра мал­ды бор­да­қы­лау тұ­рақ­ты бо­луы ти­іс 3. Ірі қа­ра (со­ю­ға өт­кі­зі­ле­тін) мал­дың ті­рі­лей сал­ма­ғы кг 450-ден кем емес 4. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 5. Мал­дың сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі­нің және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­рың­ғай сәй­кестен­ді­ру де­рекқо­рын­да тір­ке­уі­нің бо­луы 2. Ipi қа­ра мал­ды бор­да­қы­ла­у­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге (2-дең­гей) 1. Бір мез­гіл­де ке­мін­де 1 500 бас ipi қа­ра мал­ды бор­да­қы­лай­тын қу­а­ты және да­мы­ған ин­фра­құ­ры­лы­мы бар ма­ман­дан­ды­ры­л­ған алаң­ның бо­луы: - ала­ңы 1 бас­қа ке­мін­де 15 ш.м. бо­ла­тын мал­ды кү­тіп-ба­ғу­ға ар­нал­ған ашық қо­ра­лар; - ені 3 метр­ден кем емес бе­тон жи­ек­ті азық бе­ру­ге ар­нал­ған на­уа; - 1 бас­қа ке­мін­де 50 л. есе­бі­нен жы­лы­ты­ла­тын ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған су­а­ру кө­зі­мен қам­та­ма­сыз еті­луі; - қал­дық су мен қар суын шы­ға­рып та­ста­у­ға ар­нал­ған бұ­ры­шы еңіс мүй­і­зі бар дре­на­ж­дық жүйе; - қу­а­ты тәу­лі­гіне 1 бас­қа ке­мін­де 8 кг құ­ра­ма жем дай­ын­дау не та­ра­ту есе­бі­нен азық дай­ын­дау және азық та­ра­ту тех­ни­ка­сы­ның/жабды­ғы­ның қа­жет­ті са­ны; - бе­кіт­кі­ші бар жік­те­гіш­тің бо­луы, та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы; - ве­те­ри­на­ри­я­лық пункт­тің, азық сақ­тау қой­ма­сы­ның бо­луы. 2. Ірі қа­ра мал­ды бор­да­қы­лау тұ­рақ­ты бо­луы ти­іс 3. Ірі қа­ра (со­ю­ға өт­кі­зі­ле­тін) мал­дың ті­рі­лей сал­ма­ғы кг 400-ден кем емес 4. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 5. Мал­дың сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі­нің және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­рың­ғай сәй­кестен­ді­ру де­рекқо­рын­да тір­ке­уі­нің бо­луы 3. Ipi қа­ра мал­ды бор­да­қы­ла­у­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге (3-дең­гей) 1. 2011 жы­л­ғы 1 на­уры­зда­ғы жағ­дай бой­ын­ша мал ба­сы­ның бо­луы бас 300-ден кем емес 2. Ірі қа­ра мал­ды бор­да­қы­ла­у­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған үй-жай­дың неме­се алаң­дар­дың бо­луы: - ала­ңы 1 бас­қа ке­мін­де 10 ш.м. бо­ла­тын мал­ды кү­тіп-ба­ғу­ға ар­нал­ған ашық қо­ра­лар; - 1 бас­қа ке­мін­де 50 л. есе­бі­нен жы­лы­ты­ла­тын ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған су­а­ру кө­зі­мен қам­та­ма­сыз еті­луі; - азық дай­ын­дау тех­ни­ка­сы­ның бо­луы; - жік­те­гіш­тің және та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы­ның бо­луы; 3. Ірі қа­ра мал­ды бор­да­қы­лау тұ­рақ­ты бо­луы ти­іс 4. Ірі қа­ра (со­ю­ға өт­кі­зі­ле­тін) мал­дың ті­рі­лей сал­ма­ғы* кг 370-тен кем емес 5. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 6. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­дің бо­луы 7. Мал­дың сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі­нің және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­рың­ғай сәй­кестен­ді­ру де­рекқо­рын­да тір­ке­уі­нің бо­луы 4. Сүт өн­ді­рі­сі­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге (1-дең­гей) 1. 2011 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға сиыр мен қа­шар­лар­дың мен­шік­ті ана­лық ба­сы­ның (2 жастан ере­сек) бо­луы бас 600-ден кем емес оның ішін­де асыл тұқым­ды мал % 100-ден кем емес са­уын сиыр­лар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны (2010 жыл­дың қо­ры­тындысы) бас 400-ден кем емес та­бын бой­ын­ша ор­та­ша са­уым 2010 жыл­дың қо­ры­тындысы) кг 4500-ден кем емес ти­іс­ті ин­фра­құ­ры­лы­мы бар қа­зір­гі за­ман­ғы сүт ке­ше­ні­нің (ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған са­уу, көң шы­ға­ру және азық та­ра­ту, ав­то­су­а­ру және азық це­хі) бо­луы Неме­се асыл тұқым­ды мал жи­нал­ған және 2007 жыл­дан ба­стап пай­да­ла­ну­ға ен­гі­зі­л­ген жа­ңа өн­ді­ріс (жа­ңа сүт ке­ше­ні) 2. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 3. Ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен 100% қол­дан ұрық­тан­ды­ру 4. Азық ба­за­сы­ның бо­луы 5. Се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мыста­ры­ның бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тір­ке­уде бо­луы** 5. Сүт өн­ді­рі­сі­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге (2-дең­гей) 1. 2011 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға сиыр мен қа­шар­лар­дың мен­шік­ті ана­лық ба­сы­ның (2 жастан ере­сек) бо­луы бас 300-ден кем емес оның ішін­де асыл тұқым­ды мал % 50-ден кем емес са­уын сиыр­лар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны (2010 жыл­дың қо­ры­тындысы) бас 200-ден кем емес та­бын бой­ын­ша ор­та­ша са­уым (2010 жыл­дың қо­ры­тындысы) кг 3000-нан кем емес 2. Сүт жи­на­ғы­шы бар ма­ши­на­лы са­уын­ның (танк) бо­луы 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 4. Ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен 100% қол­дан ұрық­тан­ды­ру 5. Азық ба­за­сы­ның бо­луы 6. Се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мыста­ры­ның бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тір­ке­уде бо­луы** 6. Сүт өн­ді­рі­сі­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге (3-дең­гей) 1. 2011 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға сиыр мен қа­шар­лар­дың ана­лық ба­сы­ның (2 жастан ере­сек) бо­луы бас 100-ден кем емес са­уын сиыр­лар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны (2010 жыл­дың қо­ры­тындысы) бас 60-тан кем емес та­бын бой­ын­ша ор­та­ша са­уым (2010 жыл­дың қо­ры­тындысы) кг 2200-ден кем емес 2. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 3. Ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен 100% қол­дан ұрық­тан­ды­ру 4. Азық ба­за­сы­ның бо­луы 5. Се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мыста­ры­ның бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тір­ке­уде бо­луы** 7. Шы­рын­ды және ке­сек азық­ты суб­си­ди­я­лау үшін мал ша­ру­а­шы­лы­ғы­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге 1. 2011 жы­л­ғы 1 на­уры­зда­ғы жағ­дай бой­ын­ша ана­лық мал ба­сы­ның бо­луы бас 50-ден кем емес 2. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 3. Мал­ды кү­тіп-ба­ғу­ға ар­нал­ған үй-жай­дың бо­луы 4. Ана­лық мал ба­сын сақ­тау бой­ын­ша мін­дет­те­ме­нің бо­луы 5. Алы­нып та­стал­ды - ҚР Үкі­ме­ті­нің 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 ба­стап қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­ле­ді) Қа­улы­ла­ры­мен. 6. Жем-шөп да­қыл­да­ры­ның және (неме­се) ша­бын­дық (жай­ы­лым­дық) ал­қап­та­ры­ның және (неме­се) жем-шөп са­тып алу­ға ар­нал­ған шар­ттың бо­луы 7. Се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мыста­ры­ның бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тір­ке­уде бо­луы 8. Шош­қа бор­да­қы­ла­у­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге 1. 2011 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға негіз­гі және мал ба­сын то­лық­ты­ра­тын ме­ге­жін­дер­дің бо­луы бас 50 оның ішін­де асыл тұқым­ды мал неме­се тұқы­ма­ра­лық ша­ғы­лы­сты­ру­дан алын­ған мал % 70-тен кем емес 2. Бор­да­қы­ла­на­тын мал ба­сы­ның (бор­да­қы­ла­уда­ғы шош­қа­ның ор­та­ша жыл­дық са­ны) бо­луы (2010 жыл­дың қо­ры­тындысы) бас 100-ден кем емес 3. Оның ішін­де өз тө­лі­нен өсі­рі­л­ген % 80-нен кем емес 4. Шош­қа­ны бор­да­қы­ла­у­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған үй-жай­лар­дың неме­се алаң­дар­дың бо­луы 5. Шош­қа­ны бор­да­қы­лау тұ­рақ­ты бо­луы ти­іс 6. Шош­қа­ның (со­ю­ға өт­кіз­ген­де) ті­рі­лей сал­ма­ғы* кг 90-нан кем емес 7. Азық­тың бо­луы 8. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 9. Қой етін өн­ді­ру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге 1. 2011 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға са­улық­тар­дың (2 жастан ере­сек) бо­луы бас 600-ден кем емес 2. Қой­ды кү­тіп-ба­ғу­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған үй-жай­лар­дың бо­луы 3. Қой­дың (со­ю­ға өт­кіз­ген­де) ті­рі­лей сал­ма­ғы бо­луы ти­іс* кг 40-тан кем емес 4. Азық ба­за­сы­ның бо­луы 5. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 10. Жыл­қы еті өн­ді­рі­сі­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге 1. 2011 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға би­е­нің (3 жастан ере­сек) бо­луы бас 75-тен кем емес 2. Жыл­қы­ның (со­ю­ға өт­кіз­ген­де) ті­рі­лей сал­ма­ғы бо­луы ти­іс* кг 300-ден кем емес 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 11. Қы­мыз өн­ді­рі­сі­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге 1. 2011 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға би­е­нің (3-жастан ере­сек) 1 бас бо­луы бас 35-тен кем емес 2. Са­уын би­е­нің ор­та­ша жыл­дық са­ны бас 15-тен кем емес 3. Цех­тің (үй-жай, қы­мыз өн­ді­ре­тін және (неме­се) жи­най­тын ыдыс) бо­луы 4. Азық ба­за­сы­ның бо­луы 5. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 12. Шұ­бат өн­ді­рі­сі­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге 1. 2011 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға түй­е­нің ана­лық ба­сы­ның (3-жастан ере­сек) бо­луы бас 30-дан кем емес 2. Са­уын ін­ген­дер­дін, ор­та­ша жыл­дық са­ны бас 10-нан кем емес 3. Цех­тің (үй-жай, шұ­бат өн­ді­ре­тін және (неме­се) жи­най­тын ыдыс) бо­луы 4. Азық ба­за­сы­ның бо­луы 5. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 13. Би­я­зы жүн өн­ді­ру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге 1. 2011 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға са­улық қой ба­сы­ның (2 жастан ере­сек) бо­луы бас 600-ден кем емес 2. Асыл тұқым­ды мал­дың бо­луы % 100-ден кем емес 3. Қой­лар­ды кү­тіп-ба­ғу­ға, сон­дай-ақ қыр­қу­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған үй-жай­лар­дың бо­луы 4. Қыр­қы­л­ған жүн­нің фи­зи­ка­лық сал­ма­ғы (2010 жыл­дың қо­ры­тындысы) кг 3-тен кем емес 5. Жүн­нің са­па­сы *** 64 са­па­дан кем емес 6. Би­я­зы жүн­ді қай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на өт­кі­зу 7. Азық ба­за­сы­ның бо­луы 8. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 14. Құс етін өн­ді­ре­тін та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге (1-дең­гей) 1. Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да ұстау, тор­да неме­се еден­де ұстау үшін 8 жыл­дан ас­па­ған тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы, атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнім» бел­гі­сі, ХАС­СП азық-тү­лік қа­уіп­сіз­дік жүй­е­сі) бі­рі­нің неме­се 2007 жыл­дан ба­стап қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген жа­ңа объ­ек­ті­нің (жа­ңа құс фаб­ри­ка­сы) бо­луы. 2. Өн­ді­рі­стің жыл­дық кө­ле­мі (2011 жыл­дың жос­па­ры) тон­на 300-ден кем емес 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру (2-дең­гей) 1. Өн­ді­рі­стің жыл­дық кө­ле­мі (2011 жыл­дың жос­па­ры) тон­на 300-ден кем емес 2. Ве­те­ри­на­ри­я­лық қо­лай­лы­лық 15. Та­у­ар­лық жұ­мырт­қа өн­ді­ре­тін та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге (1-дең­гей) 1. Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да ұстау, тор­да неме­се еден­де ұстау үшін 8 жыл­дан ас­па­ған тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы, атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнім» бел­гі­сі, ХАС­СП азық-тү­лік қа­уіп­сіз­дік жүй­е­сі) бі­рі­нің неме­се 2007 жыл­дан ба­стап қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген жа­ңа объ­ек­ті­нің (жа­ңа құс фаб­ри­ка­сы) бо­луы. 2. Жұ­мырт­қа­лай­тын та­уық­тар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны **** бас 100 000-нан  кем емес 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру (2-дең­гей) 1. Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 2. Жұ­мырт­қа­лай­тын та­уық­тар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны **** бас 100 000-нан кем емес Ескертпе: * Малдың (союға өткізілетін) тірілей салмағы тауар өндіруші қызметтерін пайдаланған (малды сою жөніндегі), есепке алу нөмірі (коды) бар мал шаруашылығы өнімдері сатылған, тіркеу нөмірі (коды) бар өңдеуші кәсіпорын берген анықтамамен расталуға тиіс. ** Сүт өндірісімен айналысатын тауар өндірушілер селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай ақпараттық базасына тіркелуге тиіс. *** Жүннің сапасы жүн сапасын бағалау жөніндегі зертхана берген анықтамамен расталады. ***** Құс фабрикалары үшін тауарлық жұмыртқа сатудың жоспарланған көлеміне квотаны жеткізген кезде республика бойынша орташа жылдық жұмыртқалауды негіз ретінде алу керек (1 жұмыртқалағыш тауыққа 280 данадан көп емес).
Басқа 3. 1. Өткізілген өз төлінен өсірілген мал шаруашылығы өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 2-қосымша 1. Өткізілген өз төлінен өсірілген мал шаруашылығы өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі 📌 Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.21 № 681 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. Р/с № Өнім­нің тү­рі Өт­кі­зі­л­ген өз тө­лі­нен өсі­рі­л­ген мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің 1 ки­ло­гра­мы­на, 1 да­на­сы­на бе­рі­ле­тін бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге 1. Сиыр еті - 1 дең­гей құ­ра­ма азық 220 2. Сиыр еті - II дең­гей құ­ра­ма азық 170 3. Сиыр еті - III дең­гей құ­ра­ма азық 120 4. Сиыр еті - III дең­гей құ­нар­лы жем­шөп 100 5. Шош­қа еті 98 6. Құс еті - 1 дең­гей 66 Құс еті - II дең­гей 60 7. Күр­ке та­уық еті 60 8. Жұ­мырт­қа - І дең­гей 2,6 Жұ­мырт­қа - II дең­гей 2 2. Өткізілген өз төлінен өсірілген мал шаруашылығы өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативі Р/с № Өнім­нің тү­рі Өт­кі­зі­л­ген өз тө­лі­нен өсі­рі­л­ген өнім­нің 1 ки­ло­гра­мы­ның өзін­дік құ­ны, тең­ге Өт­кі­зі­л­ген өз тө­лі­нен өсі­рі­л­ген өнім­нің 1 ки­ло­гра­мын ар­зан­да­ту нор­ма­ти­ві, % Өт­кі­зі­л­ген өз тө­лі­нен өсі­рі­л­ген өнім­нің 1 ки­ло­гра­мы­на бе­рі­ле­тін бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге 1. Сүт - І дең­гей 68 36,7 25 2. Сүт - II дең­гей 47 32 15 3. Сүт - III дең­гей 47 21,3 10 4. Жүн (би­я­зы) 360 29,2 105 5. Қой еті 420 11,9 50 6. Жыл­қы еті 460 20 92 7. Қы­мыз 345 17,4 60 8. Шұ­бат 341 16,1 55 3. Шырынды және кесек азықтың құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар нормативі Р/с № Өнім­нің тү­рі Сиыр­дың 1 ба­сы­на бюд­жет­тік суб­си­дия нор­ма­ти­ві, тең­ге 1. Ірі қа­ра мал 4500 «Бекітемін» ______________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _______ (аты-жөні, қолы, мөрі) 2011 жылғы «__» ___________
Басқа 4. біріктірілген жиынтық ведомосі
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 3-қосымша ___________ облысы бойынша 2011 жылғы ___________ ___________________________________өндіруге және сатуға субсидиялар төлеуге арналған субсидияланатын мал шаруашылығы өнімі біріктірілген жиынтық ведомосі Ата­уы Өнім өт­кі­зу­дің жыл­дық кво­та­сы, тон­на, мың да­на 1 кг, да­на өнім­ді ар­зан­да­ту нор­ма­ти­ві, тең­ге Суб­си­ди­я­лар­дың жал­пы қа­жет­ті­лі­гі, тең­ге Іс жү­зін­де са­ты­л­ған өнім, тон­на, мың да­на Өнім өн­ді­рі­сі және оны өт­кі­зу үшін іс жү­зін­де пай­да­ла­ны­л­ған құ­ра­ма азық­тар (құ­нар­лы азық­тар), тон­на Жыл ба­сы­нан ба­стап суб­си­ди­я­лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан ба­стап тө­лен­ге­ні, тең­ге Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге Тө­ле­ну­ге жа­та­ды, тең­ге та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер өнім­дер жыл ба­сы­нан ба­стап есеп­ті ай­да жыл ба­сы­нан ба­стап есеп­ті ай­да Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) ________________ (аты-жөні, қолы) Бухгалтер (жауапты тұлға) ________________ (аты-жөні, қолы)