Об утверждении распределения и Правил использования средств на реализацию межсекторального и межведомственного взаимодействия по вопросам охраны здоровья граждан на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражат бөлу;
Тармақша 2
2) Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты пайдалану қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы есептер берсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылда бір рет, есептіден кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты пайдалану қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 257 қаулысымен бекітілген Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты пайдалану қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл – халықтың денсаулығын анықтайтын өмір салты, қоршаған орта, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың факторларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік органдардың, жеке және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылы;
Тармақша 2
2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – денсаулық сақтау мәселелері және олардың іске асырылу мониторингі бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде іске асырылатын іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыратын білім және ғылым, денсаулық сақтау, туризм және спорт, байланыс және ақпарат, еңбек және әлеуметтік қорғау, ішкі істер, төтенше жағдайлар саласындағы орталық уәкілетті органдар.
Тармақ 3
3. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
2. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
Тармақ 4
4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылы шеңберінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға пайдаланылады.
Тармақ 5
5. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарындағы және одан босатылған адамдардың арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер қамау орындарындағы АИТВ инфекциясы профилактикасының бағдарламасын іске асыруға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік сүйем бас бостандығынан айыру орындарындарында АИТВ/ЖИТС-пен күрес үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін дамытуға пайдаланылады.
Тармақ 7
7. Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар мен одан босатылған адамдардың арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша іс-шараларды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтаудың жергілікті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Бас бостандығынан айыру орындарындағы және одан босатылған адамдардың арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін мектептердегі балаларды тамақтандыру рационына енгізу үшін балалар мен оқушылардың дұрыс тамақтануын, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануына және физикалық және психологиялық денсаулығына байланысты ауруларының профилактикасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеуге пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Білім және ғылым саласындағы орталық уәкілетті орган балалар мен оқушылардың дұрыс тамақтануын, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы мен физикалық және психологиялық денсаулығын қалыптастыруға байланысты аурулардың профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай ұйымдастырушысы болады.
Тармақ 11
11. Мектеп жасындағы балалардың арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының профилактикасы бойынша, витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін мектептердегі балаларды тамақтандыру рационына қосу бойынша іс-шараларды өткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру жергілікті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы орталық уәкілетті органдар облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аударуды бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдардың іс-шараларын іске асыруға бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдардың іс-шараларын іске асыруға бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі
Тармақ 13
13. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға көзделген қаражат Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мынадай мақсаттарына жету үшін жұмсалады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік, қоғамдық және бизнес-құрылымдардың қызметтерін үйлестіру арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру, сақтау және нығайту;
Тармақша 2
2) мінез-құлықтық қауіп факторларының профилактикасына және бақылауды күшейтуге жүйелік және кешенді тәсіл арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру;
Тармақша 3
3) халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы;
Тармақша 4
4) балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын қалыптастыру;
Тармақша 5
5) жол-көлік жарақаттанушылығын және одан болған өлімді азайту;
Тармақша 6
6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету;
Тармақша 7
7) пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен олардан болған өлім деңгейін азайту.
Тармақ 14
14. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға бөлінген қаражатты пайдалану бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің іс-шараларды өткізу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелері үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сатып алатын медициналық техникалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаумен министрлігімен келісіледі.
Тармақ 16
16. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар ұсынатын азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы есептер:
Тармақша 1
1) іс-шаралардың нақты орындалуы туралы (нәтижелерге қол жеткізілген сатылары);
Тармақша 2
2) нәтижелерге қол жеткізілмеу себептері туралы;
Тармақша 3
3) бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпараттан тұруы тиіс.
Басқа 2. 2011 жылға азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға қаражатты бөлу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 257 қаулысымен бекітілген 2011 жылға азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға қаражатты бөлу № Іс-ша­ра­лар ата­уы Жа­у­ап­ты мем­ле­кет­тік ор­ган­дар Со­ма, мың тең­ге 5.1. Мақ­сат. Мем­ле­кет­тік, қо­ғам­дық және биз­нес құ­ры­лым­дар­дың қыз­ме­тін үй­ле­сті­ру ар­қы­лы аза­мат­тар­дың ден­са­улы­ғын қа­лып­та­сты­ру, сақ­тау және ны­ғай­ту 1 Ең­бе­гіне зи­ян­ды жағ­дай­лар­да­ғы жұ­мыс­шы­лар­дың ең жо­ғар­ғы жұ­мыс уа­қы­ты­ның ұз­ақ­тығ­ын анық­тау жө­нін­де­гі зерт­теу жүр­гі­зу Ең­бек­ми­ні 9 809 5.1.1. Мақ­сат. Про­фи­лак­ти­ка­ға жүй­е­лі және ке­шен­ді тә­сіл ар­қы­лы са­ла­мат­ты өмір сал­тын қа­лып­та­сты­ру және мі­нез-құлық­тық қа­уіп фак­тор­ла­рын ба­қы­ла­уды кү­шей­ту 1 Те­ле­ра­ди­о­та­ра­ту ар­на­ла­рын­да көр­нек­ті қо­ғам қай­рат­кер­ле­рін қа­ты­сты­рып те­ме­кі ше­гу­ді, ал­ко­голь­ді шек­тен тыс тұ­ты­ну­ды және есірт­кі­ні тұ­ты­ну­дың ал­дын алу және ем­деу бой­ын­ша ақ­па­рат­тық-на­си­хат­тық бас­па ба­сы­лым­да­рын әзір­леу және шы­ға­ру ТСМ 98 640 2 Спорт­ты және са­ла­мат­ты өмір сал­тын на­си­хат­тау жө­нін­де әле­умет­тік бей­не­ро­лик­тер жа­сау ТСМ 12 000 3 Бұ­қа­ра­лық спорт түр­ле­рі бой­ын­ша жыл сай­ын спар­та­ки­а­да­лар ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу ТСМ 50 000 4 Рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын да­мы­ту мә­се­ле­ле­ріне ар­нал­ған мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­рін­де­гі «Са­ла­мат­ты Қа­зақ­стан» мем­ле­кет­тік те­ле­ви­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­сын құ­ру БАМ 6 240 5.1.2. Мақ­сат. Ха­лық­тың дұ­рыс та­мақ­та­нуын қам­та­ма­сыз ету және та­мақ­та­ну­ға бай­ла­ны­сты ау­ру­лар­дың про­фи­лак­ти­ка­сы 1 Ха­лық­тың дұ­рыс та­мақ­та­ну дағ­ды­ла­рын және та­мақ өнім­де­рі қа­уіп­сіз­ді­гін қа­лып­та­сты­ру ДСМ 163 764 2 Дұ­рыс та­мақ­та­ну мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ақ­па­рат­тық-на­си­хат­тау кам­па­ни­я­сын жүр­гі­зу ДСМ 32 435 3 Мек­теп­тер­де­гі ба­ла­лар­ды та­мақ­тан­ды­ру ра­ци­о­ны­на ви­та­мин­ді-ми­не­рал­ды ке­шен­мен бай­ы­ты­л­ған та­мақ өнім­де­рін ен­гі­зу, оның ішін­де Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын да­мы­ту­дың 2011 - 2015 жыл­дар­ға ар­нал­ған «Са­ла­мат­ты Қа­зақ­стан» мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы­ның іс-ша­ра­ла­рын іс­ке асы­ру­ға Ал­ма­ты об­лы­сы­ның (Тал­ғар ауда­ны) об­лы­стық бюд­же­тіне ны­са­на­лы ағым­да­ғы транс­ферт­тер бой­ын­ша БҒМ 100 000 оның ішін­де: Ал­ма­ты об­лы­сы­ның әкім­ді­гі (Тал­ғар ауда­ны) 100 000 5.1.3. Мақ­сат. Ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер­дің пси­хо­ло­ги­я­лық және тәни ден­са­улы­ғын қа­лып­та­сты­ру 1 Мек­теп жа­сын­да­ғы ба­ла­лар­дың ара­сын­да ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты ау­ру­ла­ры­ның про­фи­лак­ти­ка­сы бой­ын­ша іс-ша­ра­лар ке­ше­нін әзір­леу, оның ішін­де Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның об­лы­стық бюд­же­тіне, Аста­на қа­ла­сы­ның қа­ла­лық бюд­же­тіне ны­са­на­лы ағым­да­ғы транс­ферт­тер бой­ын­ша БҒМ 50 000 Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 39 632 Аста­на қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі 10 368 2 Жа­сө­спі­рім­дер­дің пси­хо­ло­ги­я­лық ден­са­улы­ғы мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ақ­па­рат­тық кам­па­ния (бейне және аудио ро­лик­тер шы­ға­ру) жүр­гі­зу ДСМ 5 460 5.1.4. Мақ­сат. Жол-кө­лік жа­ра­қат­та­ну­шы­лы­ғы және одан өлім-жі­тім­ді тө­мен­де­ту 1 Жол қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша әле­умет­тік ро­лик­тер­ді құ­ру және ор­та­лық, рес­пуб­ли­ка­лық те­ле­ар­на­лар­да олар­дың про­ка­тын қам­та­ма­сыз ету ІІМ 21 280 2 Жол қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гі­нің өзек­ті мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық те­ле­ар­на­да ар­найы бағ­дар­ла­ма­лар құ­ру ІІМ 14 490 3 Жол-кө­лік оқи­ға­ла­ры және ЖКО-дан за­рдап шек­кен­дер есе­бі­нің ақ­па­рат­тық-тал­дау жүй­е­сін әзір­леу және ен­гі­зу ІІМ 74 538 5.1.5. Мақ­сат. Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де зи­ян шек­кен­дер ара­сын­да­ғы қай­тым­сыз шы­ғын­дар­ды тө­мен­де­ту 1 Тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну үшін ті­кұ­шақ­тар мен жаб­дық­тар са­тып алу ТЖМ 13 701 118 2 6 трас­са­лық шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық-құт­қа­ру кө­ме­гін көр­се­ту пункт­те­рін құ­ру ТЖМ 378 491 5.1.6. Мақ­сат. Пе­ни­тен­ци­ар­лық жүй­е­де ту­бер­ку­лез­бен және АИТВ/ЖИТС-пен сыр­қат­та­ну­шы­лық пен өлім-жі­ті­мі дең­гей­ін тө­мен­де­ту 1 Ту­бер­ку­лез­бен, АИТВ/ЖИТС-пен және бас­қа ау­ру­лар­мен ауы­ра­тын­дар­ға ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту­ді же­тіл­ді­ру үшін қыл­мыстық-ат­қа­ру­шы­лық жүй­е­нің ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық ме­ке­ме­ле­рін ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­мен қам­та­ма­сыз ету ІІМ 1 091 000 2 Са­ла­мат­ты өмір сал­тын қа­лып­та­сты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған, оның ішін­де бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған адам­дар ара­сын­да ту­бер­ку­лез, АИТВ/ЖИТС мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды ба­сып шы­ға­ру және та­ра­ту ІІМ 3 616 3 АИТВ/ЖИТС мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша жұ­мыс іс­тей­тін ҮЕҰ әле­уе­тін арт­ты­ру, мем­ле­кет­тік және үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар ара­сын­да­ғы өза­ра іс-қи­мыл­ды ны­ғай­ту ДСМ 4 711 4 Бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­рын­да жүр­ген және одан боса­ты­л­ған адам­дар ара­сын­да АИТВ-ин­фек­ци­я­сы­ның про­фи­лак­ти­ка­сы жө­нін­де­гі әле­умет­тік жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру, со­ның ішін­де об­лы­стар­дың және Аста­на, Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның бюд­жет­те­ріне бе­рі­ле­тін ағым­да­ғы ны­са­на­лы транс­ферт­тер бой­ын­ша ДСМ 36 821 Ақ­мо­ла об­лы­сы 4 086 Ақ­тө­бе об­лы­сы 1 250 Ал­ма­ты об­лы­сы 2 481 Аты­рау об­лы­сы 1 400 Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 3 926 Жам­был об­лы­сы 1 478 Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 940 Қа­ра­ған­ды об­лы­сы 6 789 Қы­зы­лор­да об­лы­сы 821 Қо­ста­най об­лы­сы 2 946 Маң­ғы­стау об­лы­сы 1 561 Пав­ло­дар об­лы­сы 3 643 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 1 823 Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 2 209 Ал­ма­ты қа­ла­сы 755 Аста­на қа­ла­сы 713 Бар­лы­ғы 15 854 413 Ескерту: аббревиатуралардың мағынасын ашып жазу ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ЕХӘҚ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйымдар