Об определении целевых групп населения, проживающих на административной территории Алтынсаринского района на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға арналған Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға арналған Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдем беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары А.В. Кириченкоға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Әкімдіктің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 35 қаулысына қосымша 2011 жылға арналған Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
Тармақ 12
12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
Тармақ 13
13. Орта білімнен кейінгі және кәсіптік, техникалық ұйымдарын бітірушілер.
Тармақ 14
14. Үш және одан көп ай кіріс әкелетін жұмыс түрімен айналыспайтын, еңбекке жарамды жастағы жұмыссыз адамдар.