Об организации общественных работ на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға типтік шарт жасасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Дүйсенбековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 24 ақпандағы 2011 жылғы № 103 қаулысына қосымша 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, сонымен қатар қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, жағдайлары және олардың қаржыландыру көздері № р/с Ұйымдардың тізбесі Адам саны Жұмыстардың түрлері қаржыландыру көздері 1. Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл округтері әкімдері аппараты 50 әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу Аудандық бюджет 2. Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл округтері әкімдері аппараты 108 жол құрылысы және оларды жөндеу, көркейту-көгалдандыру, ағаш отырғызу Аудандық бюджет 3. Ауыл округтері әкімдері аппараты 60 әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу Аудандық бюджет 4. Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл округтері әкімдері аппараты 272 Аймақты экологиялық сауықтыру, көріктендіруге қатысу Аудандық бюджет Барлығы: 490