Об организации общественных работ на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерi көлемінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ауесхановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 243 қаулысына қосымша 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері және қаржыландыру көздері Р/с Ұйымдардың тізбесі Адам саны Жұмыстың түрлері Қаржыландыру көзі 1 Қала, поселке, ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің аппараты 564 Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау және мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, тарату Аудандық бюджет 2 Сарыағаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі 6 Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу Аудандық бюджет 570