Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2011 года областными бюджетами на субсидирование повышения продуктивности и качества товарного рыбоводства Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 23 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 018 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тауарлы балық шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тауарлы балық өсірумен айналысатын балық шаруашылығы субъектілеріне (бұдан әрі - балық өсіру ұйымдары) бюджеттік субсидиялар:
Тармақша 1
1) бағалы балық түрлерін өсіру кезінде пайдаланылатын құрамажем сатып алуға кеткен шығындарды (50%) ішінара өтеуге;
Тармақша 2
2) балық өсіру ұйымдары одан әрі сату үшін жеке және заңды тұлғалардан сатып алғаннан басқа, балық өсіру материалын сатып алуға кеткен шығындарды (50%) ішінара өтеуге арналады.
Тармақ 3
3. Бюджеттік субсидиялар:
Тармақша 1
1) тауарлы балық өнімін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына, оның ішінде балық шаруашылығы саласындағы отандық қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізетін;
Тармақша 2
2) өткен жылға қарағанда тауарлы балық өнімі өндірісінің өсуін қамтамасыз ететін балық өсіру ұйымдарына төленеді.
Тарау 2. 2. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
2. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
Тармақ 4
4. Облыстардың әкімдері 2011 жылдың 1 мамырынан кешіктірмей комиссиялар (бұдан әрі - Комиссия) құрады және оның жұмыс істеу мерзімі мен тәртібін айқындайды.
Тармақ 5
5. Комиссияның құрамына:
Тармақша 1
1) төраға - облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары;
Тармақша 2
2) облыстардың Ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі -
Тармақша басқарма
Басқарма) мамандары;
Тармақша 3
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшенің өкілі);
Тармақша 4
4) балық шаруашылығы саласындағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 6
6. Басқарма Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 7
7. Басқарма Комиссия құрылған сәттен бастап Комиссия жұмысының, бюджеттік субсидиялар алуға өтінім қабылдаудың мерзімі мен тәртібін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Балық өсіру ұйымдары бюджеттік субсидиялар алуға өтінімдер қабылдау туралы ақпарат ресми жарияланғаннан кейін Басқармаға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
Тармақ 9
9. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар үшін құрылтай құжаты, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
Тармақша 2
2) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, салық төлеушінің куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері), заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттар;
Тармақша 3
3) балық өсіру ұйымында есептік нөмірінің бар болуы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) балық өсіру ұйымының техникалық параметрлері (тоғанның қоры немесе сумен жабдықтаудың тұйық қондырғысы, инкубациялық цех, балық өсіру жабдығы) көрсетілген аңықтама;
Тармақша 5
5) өткен жылы өсірілген және өткізілген тауарлы балық өнімі туралы мәліметтер көрсетілген балық аулау мен акваөсіру туралы «1-балық» статистикалық нысан бойынша есептің көшірмесі;
Тармақша 6
6) құрамажем және (немесе) балық өсіру материалын сатып алуға ниет ету шарты.
Тармақ 10
10. Құжаттарды толық тапсырмау фактілері анықталған жағдайда, Басқарма өтінімді алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде балық өсіру ұйымына жазбаша түрде өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Тармақ 11
11. Басқарма қабылданған өтінімдер бойынша материалдар мен бюджеттік субсидиялар алуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады және оларды үш жұмыс күні ішінде Комиссияның қарауына жібереді.
Тармақ 12
12. Комиссия Басқарма ұсынған материалдарды және бюджеттік субсидиялар алуға үміткерлердің тізімін үш жұмыс күні ішінде қарайды және қарау нәтижелері бойынша балық өсіру ұйымдары бөлінісінде жылдық субсидиялау көлемімен қоса бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды.
Тармақ 13
13. Басқарма Комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде бюджеттік субсидиялар бөлу туралы шешімнің жобасын дайындайды және облыс әкіміне бекітуге жібереді.
Тармақ 14
14. Облыс әкімі бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін бекітеді.
Тармақ 15
15. Бюджеттік субсидиялар алуға арналған жиынтық тізімге қосылған балық өсіру ұйымдары Басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) құрамажем және балық өсіру материалын сатып алуға арналған сатып алу-сату шарты және төлем құжаттарының көшірмелері (банктің төлем құжаты және (немесе) қолма-қол есеп айырысқан жағдайда кіріс-кассалық ордер немесе шот-фактура);
Тармақша 2
2) құрамажем сатып алуға бюджеттік субсидиялар алатын балық өсіру ұйымдары үшін тауарлы балық өнімдерін өткізгенін растайтын құжаттардың көшірмелері (сатып алу-сату шарты, шот-фактура, жүкқұжат, кіріс-кассалық ордер және (немесе) банктің төлем құжаты, ветеринариялық анықтама); Бюджеттік субсидиялардың мөлшерін анықтау кезінде пайдаланылатын 1 (бір) килограмм тауарлы балық өнімін өндіруге жұмсалатын құрамажемнің шығыс нормативі осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді;
Тармақша 3
3) балық өсіру материалын сатып алуға бюджеттік субсидиялар алатын балық өсіру ұйымдары үшін балық өсіру материалын тоғандарға, бассейндерге немесе инкубациялық аппараттарға шығару және (немесе) жіберу актісі (аумақтық бөлімшенің өкілі қол қойған).
Тармақ 16
16. Бюджеттік субсидиялардың:
Тармақша 1
1) балық өсіру ұйымдары сатып алған құрамажемнің бір килограмы үшін төленетін мөлшері осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес айқындалады;
Тармақша 2
2) балық өсіру ұйымдары сатып алған балық өсіру материалының бір данасы үшін төленетін мөлшері осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 17
17. Басқарма бес жұмыс күні ішінде бюджеттік субсидиялар алуға арналған жиынтық тізімге қосылған балық өсіру ұйымдары ұсынған құжаттарды тексереді және белгіленген квота шегінде және бюджеттік субсидиялар алушылардың бекітілген жиынтық тізімі негізінде тиесілі бюджеттік субсидиялар туралы жиынтық ведомость жасайды.
Тармақ 18
18. Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне екі данада шоттарды қоса беріп, төлем шотын беру жолымен тиесілі бюджеттік субсидияларды балық өсіру ұйымдарының ағымдағы шоттарына аударады.
Тармақ 19
19. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Басқа 1. Бюджеттік субсидиялар алуға арналған өтінім
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 1-қосымша ____________ облысының әкімдігі Бюджеттік субсидиялар алуға арналған өтінім
Тармақ 1
1. __________________________________________ негізінде әрекет ететін (құрылтай құжаты) ____________________________________________ балық өсіру ұйымы атынан (атауы) _____________________________________________________________ басшысы (аты-жөні, лауазымы) _____________________________________________________________________ (субсидиялаудың бағыты және көлемі) _______________________________ бюджеттік субсидиялар бөлуді сұрайды.
Тармақ 2. Заңды мекенжайы және банктік деректемелері
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: ________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Заңды мекенжайы және банктік деректемелері ______________________________________________ (пошталық мекенжайы) ______________________________________________ (банктік деректемелері) ______________________________________________ (басшының Т.А.Ә., қолы) М.О.
Басқа 2. 1 (бір) килограмм тауарлы балық өнімін өндіруге жұмсалатын құрамажемнің шығыс нормативі
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 2-қосымша 1 (бір) килограмм тауарлы балық өнімін өндіруге жұмсалатын құрамажемнің шығыс нормативі Р/с № Та­у­ар­лы ба­лық өні­мі­нің түр­ле­рі 1 (бір) ки­ло­грамм та­у­ар­лы ба­лық өні­мін өн­ді­ру­ге жұм­са­ла­тын құ­ра­ма­жем­нің шы­ғыс мөл­ше­рі, ки­ло­грамм 1. Тұқы тұқым­дастар 4,7 2. Ал­бырт тұқым­дастар 2 3. Бе­кі­ре тұкым­дастар 2
Басқа 3. Балық өсіру ұйымдары сатып алған 1 (бір) килограмм құрамажем үшін төленетін бюджеттік субсидиялардың мөлшері
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 3-қосымша Балық өсіру ұйымдары сатып алған 1 (бір) килограмм құрамажем үшін төленетін бюджеттік субсидиялардың мөлшері Ба­лық түр­ле­рі Құ­ра­ма­жем­нің 1 (бір) ки­ло­грамм үшін ба­ға­сы, тең­ге­мен Құ­ра­ма­жем­нің 1 (бір) ки­ло­гра­мы үшін тө­ле­не­тін бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың кө­ле­мі, тең­ге­мен Тұқы тұқым­дастар 60 30 Ал­бырт тұқым­дастар 500 250 Бе­кі­ре тұқым­дастар 500 250
Басқа 4. Балық өсіру ұйымдары сатып алған балық өсіру материалының 1 (бір) данасы үшін төленетін бюджеттік субсидиялардың мөлшері
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 4-қосымша Балық өсіру ұйымдары сатып алған балық өсіру материалының 1 (бір) данасы үшін төленетін бюджеттік субсидиялардың мөлшері Ба­лық түр­ле­рі Ба­лық өсі­ру ма­те­ри­а­лы­ның 1 (бір) да­на­сы үшін ба­ға­сы, тең­ге­мен Ба­лық өсі­ру ма­те­ри­а­лы­ның 1 (бір) да­на­сы үшін тө­ле­не­тін бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың кө­ле­мі, тең­ге­мен Тұқы тұқым­дастар: • 3 күн­дік дер­нә­сіл­дер 0,15 0,075 • 15-25 грам­дық жаз­ғы ша­бақ­тар 15 7,5 • 25-30 грам­дық 1 жы­л­ға толған ба­лық­тар 20 10 Ал­бырт тұқым­дастар: • Ұрық­тан­ды­ры­л­ған уыл­ды­рық 4 2 • 3 күн­дік дер­нә­сіл­дер 10 5 • 15-25 грам­дық жаз­ғы ша­бақ­тар 100 50 Бе­кі­ре тұқым­дастар: • Ұрық­тан­ды­ры­л­ған уыл­ды­рық 9 4,5 • 3 күн­дік дер­нә­сіл­дер 12 6 • 15-25 грам­дық жаз­ғы ша­бақ­тар 290 145