Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2011 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарын және 2011 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келесi санаттағы халықтың нысаналы топтары анықталсын:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
Тармақша 12
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
Тармақша 13
13) ұзаққа созылған жұмыссыздар – (он екі және одан да көп айға созылған);
Тармақша 14
14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 15
15) жұмыссыз сапасында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
Тармақ 2
2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің бастығына:
Тармақша 1
1) есепте тұрған халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды бос орындарына және бос жұмыс орындарына орналастыру құқығын, кәсіби дайындықты өтуін, біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Э.Қ. Күзенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.