Об организации общественных работ в Сарыкольском районе на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға арналған Сарыкөл ауданында коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) қоса беріліп отырған 2011 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және жағдайлары;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтардың еңбек төлемақысы, айына ең төменгі айлық төлемақының бір жарым мөлшерінде аудандық бюджет қаражаты есебінен;
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруда мыналар анықталсын:
Тармақша 1
1) әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорына әлеуметтік аударулар және әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтелінеді және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
Тармақша 2
2) еңбекақыны төлеу мен аудару бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметі үшін комиссиондық сыйақыны төлеуге арналған шығындар қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартпен белгіленген мөлшерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтелінеді.
Тармақ 4
4. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі келесіні қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасау;
Тармақша 2
2) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жасалған шарттарға сәйкес жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына жергілікті бюджеттен ақшалай қаражаттарды келесі айдың 20 күнінен кешіктірмей уақытылы аудару.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 14
Әкімдіктің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 75 қаулысымен бекітілген 2011 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және жағдайлары № Ұйымдардың атауы Жұмыстардың түрлері 1 Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Жаңа - Тілек" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Барвинов ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Веселоподол ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Златоуст ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Новое ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Комсомол ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Ленинградский ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Большие -Дубравы ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Маяк ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Сорочин ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Севастополь ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Тағыл ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Тимирязев ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Урожайное ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу Жұмысшының алдын-ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін Сарыколь ауылының аумағын жинау мен аббаттандыруға көмек көрсету, әлеуметтік- мәдени бағыттағы нысаналарын жөндеуіне қатысу БАРЛЫҒЫ кестенің жалғасы: Қоғамдық жұмыстардың көлемі Қоғамдық жұмыстардың жағдайы 60400 шаршы метр
Тармақша 1
1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан жоғары болмауы керек;
Тармақша 2
2) еңбек жағдайын және қорғауын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ету, әр жұмыссызбен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізу;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша жұмысқа қабілетсіздігі жөнінде әлеуметтік төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші және жұмысшының арасында барлық еңбек қатынастарын сақтау;
Тармақша 5
5) зейнеткерлікті қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнаманы сақтау. 60250 шаршы метр 161810 шаршы метр 105860 шаршы метр 52280 шаршы метр 17860 шаршы метр 80771 шаршы метр 164364 шаршы метр 77998 шаршы метр 54888 шаршы метр 74280 шаршы метр 17722 шаршы метр 42569 шаршы метр 87504 шаршы метр 1848561 шаршы метр