Об определении целевых групп населения на 2011 год Қолданыста
Басқа 0
2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына және 9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2011 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн халықтың нысаналы топтары қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Әкімдіктің
2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 қаулысына қосымша
2011 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
үшiн халықтың нысаналы топтары
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдары бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
Тармақ 12
12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
Тармақ 13
13. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 14
14. Алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірбиесі жоқ техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі ұйымдардың түлектері.
Тармақ 15
15. Ұзаққа созылған (он екі және одан көп айлар) жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар.
Тармақ 16
16. Елу жастан асқан адамдар.
Тармақ 17
17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.