Об определении целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2011 год Қолданыста
Басқа 0
Әулиекөл ауданында 2011 жылға арналған тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданында 2011 жылға арналған жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн тұрғындардың нысаналы топтары белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
Тармақ 2
2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi тұрғындардың нысаналы топтарына кіретiн тұлғалардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Р. Нұғмановаға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Әкімдіктің
2011 жылғы 10 наурыздағы
№ 136 қаулысына қосымша
Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн
2011 жылға арналған Әулиекөл ауданындағы тұрғындардың
нысаналы топтары
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейiнгi жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер.
Тармақ 12
12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
Тармақ 13
13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.