Об организации общественных работ в Аулиекольском районе в 2011 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданында 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері мен жағдайлары, кәсіпорындардың қажеттілігіне сәйкес, қоса беріліп отырылған кәсіпорындардың Тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жолдауда осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаржыландыруды "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі 2011 жылға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген еңбекақының ең төменгі бір жарым айлық мөлшерінде төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланбаған күндеріне қосылған құнның салығына және өтемақылық төлемдердің, әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды ескере отырып орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі негізінде қоғамдық жұмыстардың жұмысшыларының еңбегін төлеуге шығындарын өтесін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. Нұғмановаға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері Шульгин Сергей Владимирович
Басқа 7
Әкiмдіктің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген 2011 жылы жұмыссыздарға ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстардың түрлері, жағдайлары мен көлемдері, кәсіпорындардың тізбесі № Кәсіпорынның атауы Жұмыс түрлері Жұмыс көлемі (сағаттар) Жұмыс жағдайлары 1 Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Ауруханалық кешеннің аумағын абаттандыру: ауруханалық кешеннің аумағын жинау – 43848 шаршы метр; ағаштарды және көшеттерді қию – 1000 дана, ағаштарды ақтау – 200 дана; қоршауды сырлау – 400 шаршы метр. Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді. 11696 384 96 Қоғамдық жұмыстардың бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтылығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен, аптасына 40 сағаттан артық емес. 2 Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Әулиекөл – сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Әулиекөл селосын абаттандыру: Байтұрсынов, Алтынсарин, Октябрь, Ленин, Сиянов көшелері бойындағы ағаштарын және жиектастарды ақтау – 300 дана, 240 қума метр; көшелер бойынша ағаштарды және көшеттерді отырғызу, Байтұрсынов – 130 дана, Октябрь – 130 дана, Алтынсарин – 130 дана, Тұрғымбаев – 130 дана; Алтынсарин, Байтұрсынов, 1 Май, Октябрь, Баймағамбетов, Тұрғымбаев көшелерінің аумақтарын жинау – 224500 шаршы метр; Комсомольское, Купальное, Учительское көлдеріне іргелес аумақтарды жинау – 15500 шаршы метр; Сиянов көшесінің аумағын таза жинау – 15000 шаршы метр; спорт кешені аумағын жинау – 40000 шаршы метр, қоқысты тиеу – 10 тонна; Мамедов,Торғай, Степная, Аманкелді көшелерінің аумағын жинау – 48000 шаршы метр. Ленин көшесін абаттандыру: төсемтас төсеуде көмек – 5840 шаршы метр; саябақтарды, көгалдарды бөлу, үнемі суару және шөп отау – 300 шаршы метр; ағаштар отырғызу – 60 дана. Аманқарағай селосын абаттандыру: Жамбыл, Приэлеваторная, Гагарин, Пацаев көшелерінің аумақтарын жинау – 138500 шаршы метр; орталық алаңды жинау – 9000 шаршы метр; село орталығындағы ағаштарды және көшеттерді қию – 150 дана; Пацаев, Қостанай көшелерінде ағаштарды отырғызу – 1250 дана; село орталығында саябақтар отырғызу, үнемі суару және шөп отау – 50 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау – 50 шаршы метр; Гагарин, Ленин көшелерін жинау, оған іргелес аумақтарын жинау – 900 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 30 тонна. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын ақтауға,сырлауға қатысу – 1390 шаршы метр. Диевка селосын абаттандыру: Абай, Мир, Ленин, Майлин,Комсомол, Баймағамбетов, Рысқұлов көшелері аумақтарын жинау – 160000 шаршы метр; Мәдениет үйіне іргелес шағын саябақты, аумақты жинау – 10400 шаршы метр; Абай, Мир, Ленин көшелері бойындағы қоршауды және жиектастарды ақтау – 180 шаршы метр; ағаштар отырғызу – 100 дана; ағаштарды және көшеттерді қию – 500 дана; ағаштарды ақтау – 500 дана, бағандарды бояу – 60 дана; село орталығында саябақтар отырғызу, үнемі суару және шөп отау – 80 шаршы метр; отырғызған шағын саябақтарды күн сайын суару және шөп отау – 180 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау – 63 шаршы метр. Октябрь селосын абаттандыру: Баймағамбетов, Ленин, Қазақстанның 60 жылдығы көшелерінің аумақтарын жинау – 17000 шаршы метр; орталық алаңды және Мәдениет үйіне, дәрігерлік амбулаторияға іргелес аумақтарды жинау – 7000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 400 дана; Баймағамбетов, Ленин көшелері бойында ағаштар отырғызу – 400 дана; село орталығында саябақтар отырғызу, үнемі суару және шөп отау – 16 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау – 50 шаршы метр; Мир, Ленин көшелерін жинау, оған іргелес аумақтарды жинау – 600 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 20 тонна. Кітапхана ғимаратын ақтауға, сырлауға қатысу – 50 шаршы метр. Қосағал селосын абаттандыру: Қазақ, Комсомольская, Пришкольная көшелерінің аумақтарын жинау – 30000 шаршы метр; саябақтарды жинау – 1200 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 300 дана, қоқыс тиеу – 2 тонна; село орталығында ағаштар отырғызу – 300 дана; село орталығындағы ескерткішті сырлау, ақтау – 120 шаршы метр; Школьная, Степная, Қазақ көшелерін жинау, оған іргелес аумақтарын жинау – 168 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 9 тонна. Мектеп үй-жайын сырлауға, ақтауға қатысу – 1350 шаршы метр. Селолық клуб, кітапхана және дәрігерлік пункт үй-жайларын ақтауға, сырлауға – 2250 шаршы метр. Құсмұрын поселкесін абаттандыру: Ленин, Карл Маркс, Кәукетаев, Степная, Серіков, Калинин көшелерінің аумақтарын жинау – 125500 шаршы метр; поселке орталығындағы алаңдарды жинау – 1000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 300 дана, ағаштарды ақтау – 100 дана; мәдениет саябағының аумағын жинау – 8000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 300 дана, ағаштарды ақтау – 150 дана, қоқысты тиеу – 2 тонна; поселке ауруханасына іргелес аумақтарын жинау – 25000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 100 дана, қоқысты тиеу – 2 тонна; Ленин – 50 дана, Калинин – 50 дана, Карл Маркс – 100 дана, Горький – 40 дана, орталық саябақтың аумағындағы көшелеріне ағаштарды отырғызу – 50 дана; поселке орталығындағы ескерткішті ақтау – 50 шаршы метр; Серіков, Ленин, Кәукетаев, Карл Маркс көшелеріндегі шұңқырларды жабу жөндеуіне қатысу – 22300 шаршы метр. Мәдениет үйін үй-жайын ақтауға, сырлауға қатысу – 3000 шаршы метр. Кітапханалардың үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 720 шаршы метр. Москалевка селосын абаттандыру: Карпов, Наметов, Апрельская көшелері аумақтарын қоқыстан жинау – 20800 шаршы метр; село орталығындағы шағын саябақтарды жинау – 17500 шаршы метр, ағаштарды және көшеттерді қию – 550 дана, қоқысты тиеу – 8 тонна; село орталығында ағаштар отырғызу – 200 дана; стадион аумағын жинау – 27200 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау– 30 шаршы метр; Ростовцев көшесін жинау, оған іргелес аумақтарын тазарту – 800 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 7 тонна. Дәрігерлік амбулаторияны, орталық кеңсені, Мәдениет Үйін ақтауға, сырлауға қатысу – 2640 шаршы метр. Новонежинка селосын абаттандыру: Комсомольская, Студенческая, Терешкова, Восточная, Западная көшелерін, автобус аялдамаларын аумақтарын жинау – 57500 шаршы метр; орталық алаңды, саябақты жинау – 6000 шаршы метр; село орталығында ағаштар отырғызу – 200 дана; село орталығындағы ескерткішті, Пришкольная, Жданов көшелері бойынша Бауырластар зираттарын жөндеу – 60 шаршы метр (сылау, ақтау, сырлау); село орталығында саябақтарды отырғызу, үнемі суару және шөп отау – 30 шаршы метр. Дәрігерлік амбулатория және мектеп үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 400 шаршы метр. Новоселовка селосын абаттандыру: Ленин, Баймағамбетов, Комсомольская, КСРО-ның 60 жылдығы, Мир, Гагарин, Подстанционная көшелерінің аумақтарын жинау – 32000 шаршы метр; Мектеп үй-жайын ақтауға, сырлауға қатысу – 933 шаршы метр Соснов селосын абаттандыру: көше аумақтарын жинау – 30000 шаршы метр; мектеп үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 1360 шаршы метр. Қырғуыз селосын абаттандыру: село көшелерін жинау – 12000 шаршы метр. Мектеп үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 880 шаршы метр. Юльевка селосын абаттандыру: Баймағамбетов, Ленин, Панфилов, Комсомольская, Октябрь, Советская көшесі аумақтарын жинау – 105000 шаршы метр; демалыс саябағының аумағын жинау – 15930 шаршы метр; село орталығындағы қоршауды ақтау – 200 шаршы метр; село орталығында саябақтарды отырғызу, үнемі оны суару және шөп отау – 85 шаршы метр; Баймағамбетов, Комсомольская көшелерін жинау, оған іргелес аумақтарын жинау – 750 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу және шығару – 30 тонна. Тимофеевка селосын абаттандыру: Нечипуренко, Школьная, Тұрғымбаев көшелерінің аумақтарын жинау – 24500 шаршы метр; ағаштар мен көшеттерді қию – 750 дана; село орталығын саябақтарға бөлу, үнемі суару және шөп отау – 36 шаршы метр; орталық саябақ пен сквер аумағын жинау – 12500 шаршы метр; Дәрігерлік амбулатория үй-жайын ақтауға, сырлауға қатысу – 250 шаршы метр. Мектеп үй-жайын ақтауға, сырлауға қатысу – 2500 шаршы метр. Қ. Тұрғынбаев атындағы селоны абаттандыру: Абай, Больничная, Школьная, Алтынсарин, Молодежная көшелерінің аумақтарын жинау – 72000 квадратных метров; село орталығында ағаштар отырғызу – 500 дана; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау – 40 шаршы метр; село орталығындағы саябақтың аумағын жинау – 12000 шаршы метр; село орталығын саябақтарға бөлу, үнемі оны суару және шөп отау – 20 шаршы метр; Абай, Школьная, Больничная, Молодежная көшелерін жинау, оған іргелес аумақтарын жинау – 4000 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 50 тонна. Черниговка селосын абаттандыру: Ленин, Резниченко, Комсомольская, Абай, Черкашин, Школьная көшелерінің аумақтарын жинау – 69000 шаршы метр; орталық алаң аумағын жинау – 5500 шаршы метр; село орталығындағы ағаштар мен көшеттерді қию – 400 дана; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау – 100 шаршы метр. Первомайское селосын абаттандыру: Советская, Гагарин, Школьная, Комсомольская, Уәлиханов көшелерінің аумақтарын жинау – 32000 шаршы метр; село орталығындағы ағаштар мен көшеттерді қию – 200 дана; село орталығында ағаштар отырғызу – 150 дана; село орталығындағы қоршауды ақтау – 700 шаршы метр; село орталығында саябақтарды отырғызу, үнемі оны суару және шөп отау – 250 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сылау – 100 шаршы метр; Жамбыл, Мир көшелерін жинау, оған іргелес аумақтарын жинау – 200 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 15 тонна. Көктал селосын абаттандыру: орталық көшенің аумағын жинау – 10500 шаршы метр; фельдшерлік пункт, мектеп, Мәдениет үйіне іргелес аумақтарын жинау – 3600 шаршы метр; ағаштарды қию – 210 дана; село орталығында ағаштар отырғызу – 90 дана; село орталығында саябақтарды отырғызу, үнемі оны суару және шөп отау – 40 шаршы метр. Мәдениет Үйін ақтауға, сырлауға қатысу – 420 шаршы метр. Алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді. 32 136 64512 64 64 176 13104 1560 3520 16 48000 1440 48 320 840 16 768 352 54000 2400 48 32 160 80 840 1680 16 4800 2400 128 840 16 440 16 8064 80 64 32 176 384 600 42000 96 1600 3640 96 16 416 720 192 6000 4400 48 64 8 648 704 16128 528 64 32 864 112 8064 256 6720 360 2016 240 30240 1408 48 840 640 7056 240 840 2520 64 640 20160 144 8 2520 672 4224 19152 1008 128 24 10800 64 40 160 2016 24 224 3024 1008 48 32 840 112 Қоғамдық жұмыстардың бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтылығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен, аптасына 40 сағаттан артық емес.