Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи в 2011 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи в 2011 году
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9/9
- Қабылданған күні
- 03.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2011 58054_141562.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KC000115
- ЭКБ идентификаторы
- 58054
- Редакция идентификаторы
- 58054_141562
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:59
0 2011 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы
Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, дағды мен білім жинауы мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-112 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы 34 сессиясының "2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 34/5 шешімін басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1
1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы (бұдан әрі – жастар практикасы) өткізу жұмыстарын ұйымдастырсын, жұмысқа орналасуға және еңбек нарығындағы бәсекелестікті арттыруға ықпал етсін;