Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру учаскелерінде және аудандық жиналатын пунктте жұмыс істеуге жіберілген шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмыскерлердің, сондай-ақ қызмет көрсететін персоналдың осы міндеттерді орындаған уақытында жұмыс орны, атқарған лауазымы және жалақысы сақталатыны назарға алынсын.
Тармақ 3
3. Боровской селосы және селолық округтер әкімдері: шалғай жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде шақыру жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұсынамыз.
Тармақ 5
5. "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, "Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыруды өткізу кезеңіне техникалық жұмыскердің бір-бірден бірлігін бөлуге ұсынамыз.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша): әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуді ұсынамыз.
Тармақ 7
7. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын сақтап, аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады. КЕЛІСІЛДІ "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________ В. Антипов Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері ________________ Д. Ахметов "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________________ Н. Досымов