Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды 2011 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабы 3-тармағына және 23-бабы 1-тармағына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі арқылы (келісім бойынша) шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірге кезекті шақыру жөніндегі іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 2011 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда кезекті шақыруды ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шаралардың қаржыландыруын Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен "Жалпыға бірдей міндетті атқару шегіндегі іс-шаралар" 122005 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарында көзделген қосымша қаражаттың есебінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Жұрқабаевқа жүктелсін. КЕЛІСІЛГЕН "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы __________________ М. Жүндібаев "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________________ Ө. Өтебасов