Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгілінген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай – ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған, оқу орнындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа келмеген және шақыру бойынша әскери қызметке белгіленген мерзімін өтемеген азаматтардың әскери қызметке кезекті шақырылуы ұйымдастырылсын және жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Әскерге шақырылушылардың аудандық шақыру учаскесіне уақытында келуі ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі Істер Департаменті Әулиекөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша шараларды бюджетте көзделген қаражаттың шегінде қаржылындыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Қуанышбаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы сәуірден бастап туындайтын іс-қимылға таратылады.
Келiсiлдi:
"Қазақстан Республикасы
Ішкі Істер министрлігі
Қостанай облысы Ішкі
Істер Департаментінің
Әулиекөл ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________ А.Ж. Жағыпаров
2011 жылғы 25 наурызда
"Қостанай облысы Әулиекөл
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнiң
бастығы
_________ М.Т. Түгелбаев
2011 жылғы 25 наурызда
Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
"Әулиекөл аудандық орталық
ауруханасы" шаруашылықты жүргізу
құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының бас
дәрігері
__________________ С.В. Шульгин
2011 жылғы 25 наурызда