Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір–маусымында, қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3756 тіркелген, Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 118 қаулысын іске асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуы жөніндегі іс-шаралар 2011 жылдың сәуір–маусымында, қазан–желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Ұзынкөл ауданының селолық округтер, Ұзынкөл, Ряжский, Троебрат селоларының әкiмдерiне шақыру комиссиясының отырысына әскерге шақырылушылардың толық келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келiсiм бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарына шақыруды жүргiзу мен шақырылушыларды жөнелту кезiнде шақыру пунктiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) "Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды шақыруды өткiзуге және шақырушылардың санынан тұлғаларды жеткізуге өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсету;
Тармақша 3
3) әскери мiндетiн орындаудан жалтарып жүрген тұлғаларды өз құзыреті шегінде іздестіруін жүзеге асыру;
Тармақ 4
4. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне шақыруды ұйымдастыру және жүргiзу және әскерге жiберу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруды "Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөніндегі бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебiнен 122-005-000 "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар" бағдарламасы бойынша жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Э.Қ. Күзенбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы сәуірден туындаған қатынастарға таратылады. КЕЛIСIЛДI: Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгері ______________ Қ. Ержанов 2011 жылғы 25 наурызда "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________ А. Елисеев 2011 жылғы 25 наурызда "Ұзынкөл ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмі" мемлекеттiк мекемесiнің бастығы ______________ О. Оразалиев 2011 жылғы 25 наурызда