Об организации и обеспечивании очередного призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы" N 250 Қаулысы негізінде, Алакөл аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, N 101-үй мекен-жайындағы шақыру учаскесінде "Алакөл аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Қала, кент, ауылдық округтердің әкімдері 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Алакөл аудандық ішкі істер бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің бастығына (Сабыржан Жексембайұлы Куренкеев келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру, сондай-ақ әскерге шақырушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы Қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
2011 жылғы 31 наурыздағы
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2011 жылдың
сәуір-маусым және
қазан-желтоқсанында кезекті
әскери қызметке шақырылуын
жүргізуді ұйымдастыру және
қамтамасыз ету туралы"
N 3-59 Қаулыға
қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Комиссия төрағасы:
Ерен Оқасұлы Мейрембеков - "Алакөл аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Комиссия төрағасының орынбасары:
Марат Қуандықұлы Ағадилов - "Алакөл аудан әкімі аппараты" Мемлекеттік мекемесінің әскери жұмылдыру және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман;
Комиссия мүшелері:
Байжуманов Бағлан Байжуманұлы - "Алакөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығының орынбасары;
Баршагүл Қиықпайқызы Ниязова - "Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасы" Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы;
Комиссия хатшысы:
Ләтай Сүлейменқызы Елубаева - "Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасы" Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі.