О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2011 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың мынадай тізімі белгіленсін:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғалары бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беретін ұйымдардың түлектері;
Тармақша 12
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
Тармақша 13
13) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 14
14) жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда тіркелген елу жастан асқан адамдар;
Тармақша 15
15) ұзақ уақыт (бір жыл және одан астам) жұмыс істемеген азаматтар;
Тармақша 16
16) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беретін ұйымдардың түлектері.
Тармақ 2
2. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қарастырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі.