Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындары квоталарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1)-тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтылуға қолғабыс көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Железин ауданының мекемелеріндегі жұмыскерлердің жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін 2011 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.
Басқа 5. Мүгдектерді жұмысқа орналастыру үшін Железин ауданы ұйымдарының тізімі
Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 наурызда № 100/3 қаулысына қосымша Мүгдектерді жұмысқа орналастыру үшін Железин ауданы ұйымдарының тізімі р/с Ұйымдардың атауы Квота бойынша жұмыс орындарының саны Жұмыс істейтіндердің штат саны 1. Железин ауданы әкімдігі Железин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Көмек" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1 43 2. "Железин ауданының Алакөл жалпы білім беру орта мектебі" мемлекеттік мекемесі 1 45 3. "Железин ауданының Лесной жалпы білім беру орта мектебі" мемлекеттік мекемесі 1 59 4. "Железин ауданының Жаңа жұлдыз селосының жалпы білім беру орта мектебі" мемлекеттік мекемесі 1 74