Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2011 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабы негізінде, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаментінің Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
Тармақша 1
1) Әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғаларды жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақырушыларды Қостанай қаласының облыстық жиын пунктіне жіберу және жөнелту кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Арқалық қаласының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ С. Жаркин
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер
Департаментінің Арқалық қаласының
ішкі істер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Е. Смағұлов