Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы,другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір - маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына және Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 118 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3756 тіркелген) қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және әскерге шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай–ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру учаскесіне жұмысқа жіберілген шақыру комиссиясы мүшелеріне, медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай-ақ қызмет көрсету персоналы адамдарына осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталатыны назарға алынсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер министрлiгi Қостанай облысының Iшкi Iстер Департаментi Аманкелдi ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) өз құзыретi шегiнде әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылардың облыстық жиын пунктiне аттандырғанда әскерге шақырылушылардың автобустарына iлесiп шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады. КЕЛІСІЛДІ: "Қостанай облысы Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________ А.С. Тлегенов Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Аманкелді аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері _________________ Р.С. Есмағанбетов "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі Істер департаменті Аманкелді ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________ М.Р. Сыздықов