Азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды, 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясы осы құрамда бекітілсін: Аяпов Әкім Серікбайұлы - Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша); Алданиязов Есенгелді Әшірханұлы - Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: Жайлыбаев Сакен - Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісімі бойынша); Мырзалиев Бауыржан - Атакент емханасының оташы дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша); Досымбетова Халима - Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырылушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі инспекторы, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).
Тармақ 3
3. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығына (Ә. Аяповқа - келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасау;
Тармақша 2
2) аудандық шақыру комиссиясының жұмысы туралы әр аптаның жұма күні аудан әкіміне жазбаша мәлімет беру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Жетісай аудандық емханасының бас дәрігеріне (Б.Ақылбековке - келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) дәрігерлік комиссия құрамын қажетті мамандармен қамтамасыз етіп, комиссия жұмысы аяқталғанға дейін дәрігерлер мен медбикелер негізгі жұмыс орындарынан босатылсын және орташа айлық жалақысы сақталсын. Медициналық комиссиясының жұмысы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктінде өтеді. Жұмыс уақыты күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі;
Тармақша 2
2) аудандық шақыру пунктін қажетті құралдарымен дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз етілуін;
Тармақша 3
3) дәрігерлік комиссиясының қосымша емделуге жіберілген шақырылушыларды ауруханада стационарлық тексеруден өткізу, қажетті жағдайда емдеу шараларын жүргізу;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру кезеңінде дәрігер мамандардың біліктілігін арттыру үшін іс-сапарға, қызметті жиналыстарға немесе еңбек демалысына жіберер алдында Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығымен (комиссия төрағасымен) келісуін;
Тармақша 5
5) жастарды диспансерлік және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын жастардың тізімін Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер басқармасы бастығына (А.Адиловқа - келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазына келмеген азаматтарды іздестіріп, дәрігерлік комиссиядан өткізу жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 2
2) облыстық дәрігерлік комиссияға барып-келу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері:
Тармақша 1
1) әскери қызметке шақыруды сапалы өткізуді, әскерге шақырылушыларды мезгілінде хабарлауды, олардың өз уақытында шақыру пунктіне келуін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды облыстық жинау пунктіне, Шымкент қаласына аттандыру мақсатында әскери есеп столдарының мамандарын шақыру жұмыстарынан басқа жұмыстардан босатуды және олардың әр сәрсенбі күні сағат 11.00-ге әскерге шақыру жұмыстары туралы есеп беру үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі саясат бөлімі (П.Есенбеков) әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 8
8. Ауданның экономика және қаржы бөлімі (Б.Төребеков) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыру жұмыстарын өткізуге қажетті мөлшерде қаржы бөлуді жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ә.С.Аяпов 28 наурыз 2011 жыл Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының бастығы А.Қ.Адилов 28 наурыз 2011 жыл Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Б.С.Бекенов 28 наурыз 2011 жыл Мақтаарал аудандық емхананың бас дәрігері Б.Ж.Ақылбеков 28 наурыз 2011 жыл Мырзакент емханасының терапевт дәрігері Б.Байжанов 28 наурыз 2011 жыл Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырылушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі инспекторы Х.Досымбетова 28 наурыз 2011 жыл Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжінің директоры Н.Ж.Әліпбеков 28 наурыз 2011 жыл № 14 кәсіптік лицейдің директоры Қ.Молдабеков 28 наурыз 2011 жыл