Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 118 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыру немесе босатылу құқықтарынан айырылған, жасы он сегізден жиырма жетіге дейінгі еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ жиырма жетіге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің бекітілген мерзімін өтемеген, оқу орындарынан шығарылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды жеткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) аудандық шақыру учаскесінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдау жөнінде жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бюджетпен қарастырылған қаражаттар шегінде шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Берілген қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады. КЕЛIСIЛДI "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң (ММ) бастығы _________________ Т. Өтегенов "Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі" ММ бастығы _________________ З. Төлеубаев "Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрiгерi ________________ Ж. Құсаинов