Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдын сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 наурыз 2011 жылғы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдын сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Жангелдин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) аудандық шақыру пунктінде шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмыстар ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Жангелдин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________________ А. Қабажаев "Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы __________________ К. Тулебаев