Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Аулиекольском районе на 2011 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылға Әулиекөл ауданындағы бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға Әулиекөл ауданының барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыздың шамасында квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғалардың және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерінің бар бос қызмет жұмыс орындарының квотасына сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдаманы қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. С. Нұғмановаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.