Об определении целевых групп населения в 2011 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға халықтың нысаналы топтарының тізбесі анықталсын:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
Тармақша 12
12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
Тармақша 13
13) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі айдан көп);
Тармақша 14
14) кәсіби және техникалық, орта білімнен кейінгі түлектер;
Тармақша 15
15) уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
Тармақша 16
16) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
Тармақша 17
17) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар.
Тармақ 2
2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесінің бастығы __________________ С. Плотникова