Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и в октябре-декабре 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 19-бабына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 1163 Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына және "Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді  әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 118, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдегі нөмері 3756 қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шақырылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық тері-венерологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына(келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный туберкулезге қарсы диспансері "мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) қосымша тексерілуге жіберілген әскерге шақырушыларды тексеру бойынша жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндетті орындаудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қашар және Горняцк поселкелерінің әкімдері шақыру комиссиясы дәрігерлік тексеруден өту үшін жіберген әскерге шақырылушыларға хабарлауды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Рудный қаласының әкімдігінің "Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскери қызметті өту үшін жіберілген әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шақырып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Шақыруды хабарлау, өткізу, әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру және өткізу бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты шығындарды қаржыландыру, сондай-ақ шаруашылық жұмыскерлердің жалақысы қарастырылып бөлінген қаржы шегінде қалалық бюджет қаражаттары есебінен жүргізіледі, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды қаржыландыру уақтылы жұзеге асырылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 01 сәуірден бастап туындаған іс-қимылдарға таратылады. КЕЛІСІЛДІ "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________ Қ. Сатыбалдин Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері _____________ Н. Губенко Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері __________ Қ. Міржақыпов Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық тері-венерологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері _________________ В. Вайзер