Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20 бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 03 наурыздағы N 1163 "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 03 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 03 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы" N 250 Қаулысы негізінде Еңбекшіқазақ аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі N 322 және Шелек селосы, Кадыров көшесі N 2 мекен жайындағы шақыру учаскесінде "Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Қорғаныс Iстерi жөнiндегi бөлiмі" мемлекеттік мекемесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша шаралар ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыру өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 және 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. "Еңбекшіқазақ ауданының Қорғаныс Iстерi жөнiндегi бөлiмі" мемлекеттік мекемесі 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қарулы Күштер қатарына шақыру кезеңінде шақыру учаскелеріне шақырылғаны туралы хабардар етіп және олардың келуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісімі бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыруды, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шақырылғандарды шақыру және жөнелту кезеңінде шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010 жылдағы 20 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы" N 315 (аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 6 мамырда N 2-8-143 нөмірімен мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінің 2010 жылдың 14 маусымдағы N 20 санында жарияланған) қаулының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Ташполат Жамалұлы Жамаловқа жүктелсiн.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН: Аудан әкімінің бірінші орынбасары                          Жамалов Ташполат Жамалұлы 04 сәуір 2011 жыл Аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік- құқықтық бөлімінің бастығы                 Әмірденов Ержан Әмірденұлы 04 сәуір 2011 жыл "Еңбекшіқазақ аудандық Емхананың мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын" директоры /келісімі бойынша/                         Балакойшиев Болат Рысбайұлы 04 сәуір 2011 жыл "Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы /келісімі бойынша/                 Каскаров Бақытжан Айдарханұлы 04 сәуір 2011 жыл "Еңбекшіқазақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығы                                    Қазахбаев Төлеген Ермекұлы 04 сәуір 2011 жыл
Басқа 9. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 04 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 283 қаулысына 1-қосымша Аудандық шақыру комиссиясының құрамы: Казахбаев Төлеген Ермекұлы - комиссия төрағасы, "Еңбекшіқазақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; Жұмалиев Сейдахмет Сәрсенбекұлы - төраға орынбасары, "Еңбекшіқазақ аудандық білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі. Аудандық шақыру комиссиясының мүшелері: Саулебаев Мақсат Бақытұлы - "Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; Түрікбаев Рысбек Байгүжікұлы - "Еңбекшіқазақ аудандық емханасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын" директорының орынбасары; Елғондиева Жанылсын Мұсабайқызы - комиссия хатшысы.
Басқа 10
Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 04 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 283 қаулысына 2-қосымша Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі Ауыл округтері- нің атауы Шақырыл- ғандар саны Сәуір Мамыр Маусым Ават 200 50 50 50 50 Ақши 250 100 50 100 Асы 180 80 50 50 Балтабай 160 50 30 50 30 Бәйтерек 200 100 Есік қ 300 50 150 100 Бөлек 100 50 50 Маловодное 101 50 Жаңашар 170 70 50 50 Қазақстан 185 85 50 Қаражота 114 64 Қаракемер 100 50 50 Қаратурук 160 60 50 Көктөбе 170 70 50 50 Қорам 100 50 50 Қырбалтабай 160 60 50 50 Малыбай 170 70 50 50 Масақ 170 70 50 50 Сөгеті 187 87 50 50 Бартоғай 160 60 50 50 Рахат 190 90 50 50 Саймасай 190 90 50 50 Ташкенсаз 100 50 50 Тескенсу 190 90 50 50 Түрген 100 50 50 Шелек 200 100 100
Басқа 11
Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 04 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 283 қаулысына 3-қосымша Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі Ауыл округтері- нің атауы Шақырыл- ғандар саны Қазан Қараша Желтоқсан Ават 200 50 50 50 50 Ақши 250 100 50 100 Асы 180 80 50 50 Балтабай 160 50 30 50 30 Бәйтерек 200 100 Есик қ 300 50 150 100 Бөлек 100 50 50 Маловодное 101 50 Жаңашар 170 70 50 50 Қазақстан 185 85 50 Қаражота 114 50 64 Қаракемер 100 50 50 Қаратурук 160 60 50 Көктөбе 170 70 50 50 Қорам 100 50 50 Қырбалтабай 160 60 50 50 Малыбай 170 70 50 50 Масақ 170 70 50 50 Сөгеті 187 87 50 50 Бартоғай 160 60 50 50 Рахат 190 90 50 50 Саймасай 190 90 50 50 Ташкенсаз 100 50 50 Тескенсу 190 90 50 50 Түрген 100 50 50 Шелек 200 100 100