О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района в 2011 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорттың мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Науырзым ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________________ Н. Дехтярева